Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Мерекелі, берекелі!» атты жаңа жылдық ойын-сауық іс-шарамыз биылғы жылы ерекше өтті десек болады. Өтетін орын мерекеге сай безендірілді, баннерлар ілініп, түнгі жарықтандырулар жарқырап жанып тұрды. Абай мектебінің алдындағы қардан жасалған мүсіндерге қарап тамсануға болады. Мектепішілік Жаңа жылдық шырша да жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, әр сыныптың дайындаған көріністері бағаланды. Ата-аналарымен бірге балалардың мектепке ағылып келіп жатқаны көз тоярлық көрініс. Мерекелі де, берекелі жаңа жыл ары қарай жалғасын тапты. 30 желтоқсан күні ауылдық округке қарасты Үлгілімалшы, Нұра, Сүлеймен, Мамай төрт ауылда тұратын 42 бүлдіршінге Жаңа жылдық тәтті салынған дорбашалар мен ойыншықтар үлестірілді. Оларды арнайы Аяз ата мен Ақшақар, Сайқымазақ болып киініп, безендірілген Ат шанамен үйлерге таратып балаларды қуантып естелік суретке түсіп Тышқан жылын жақсы көңіл күймен қарсы алуы ұйымдастырды.


«Мерекелі, берекелі!!» атты жаңа жылдық іс-шарамыз кешкілік Бал маскаратпен жалғасын тауып ауылымыздың барша тұрғындары келіп көңіл көтерді. Ең алдымен ауыл әкімі Мерей Нығметжанұлы мен мектеп директоры Ермек Сыдықұлының құттықтау лебіздерімен басталып, кешіміздің демеушілерің марапаттады. Марапат иелеріне Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Жаңа жылдық кештің ерекшелігі биылғы жылы демеушілер өздері жүргізіп ойындар ойнатып, сыйлықтар таратып, Бал маскаратқа киінген ауыл тұрғындары жылдан жылға көбейіп, киінген ауыл тұрғындарына демеушілердің атынан І, ІІ, ІІІ орынды белгілеп бағалы сыйлықтар табысталды. Ал қалған тұрғындарға да естелік сыйлықтар берілді. Жаңа жылдық кеш барысында би билеп, ән шырқап, қызықты әзілдер де қойып, келген қонақтардың көңілдері көтеріңкі болсын деп тырысқан демеушілерге тұрғындар алғыстарын білдірді. Аяз ата мен Ақшақардың алыстан арқалап келген сыйлықтарына да куә болып, Жаңа жылға деген тілектерін айтып, шашуларын шашып, ақ батасын берді. Үлгілімалшы ауылының Жаңа Жылдық кешіне демеуші болған жеке кәсіпкерлер: Асқарова Қарлығаш, Теңізбаева Назым, Қалдарова Нұрсауле, Есмұхамбетова Гүлнар, Баймұхамбетова Құралай, және ЖШС басшысы Ибраимов Қуаныш Ералыұлына әкімшілік және халықтың атынан зор алғыс білдіреміз. Ауылымыздағы әр мереке осы демеушілеріміздің қолдауымен өтетіні рас, оны әрқашан мақтанышпен айтып отырғанды жөн санаймын. Осы орайда келесі Жаңа жылдық мерекені өткізу эстафетасын Ауыл жастарына (Балықшыларға) жоғарғы деңгейде өткізеді деген үмітпен табыс етілді.
Үлгілімалшы ауылының тұрғындарының ауызбіршілігін осыдан да байқауға болады. Өз ауылымыздың мәртебесін көтеріп әрқашан қолдау көрсетіп жүрген аға буын азаматтарымыздың сағы сынбай ауыл намысын қорғап өз дәрежелерін жоғары бағалайтын, жүректері әрқашан «Туған ауылым» деп соғатын азматтарымыз көп болғай. Осынау қамшының сабындай қысқа өмірде сыйласып, бір-біріне көмек қолын созып, әр сүрінген қазақ баласын демеп жүруге не жетсін?! Барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймы! Аспанымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

М.Мырзабекова,
Үлгілімалшы ауылдық клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз