Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес қарқынды дамып келеді. Кәсіпкер-аграршылар үшін мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, инвестиция салу және даму үшін таптырмас сәт туады. Олардың жағында тек нарықтық конъюнктура ғана емес, мемлекеттің протекционистік бағдарламаларының кешені де бар. Агробизнеспен айналысу тіпті жеке отбасылық шаруашылықтар деңгейінде де тиімді болды. Осы тақырыпты жалғастыра отырып, Көкпекті ауылындағы отбасылық кәсіпті жалғастырып отырған ағайынды Юрия мен Виктор Виничуктің отбасылары туралы сөз қозғамақпыз.
Жастар агробизнеспен жақында ғана, шамамен 5 және 6 жыл көлемінде айналысып келеді. Бірақ осы уақыт ішінде өздерін құзыретті, сауатты және перспективалы фермерлер ретінде көрсете білді.
2013 жылы құрылған "Виктория" ШҚ басшысы Юрий Владимирович Виничук. Кәсіпорынның негізгі мамандануы - өсімдік шаруашылығы (аумағы 1515 га жерде күнбағыс және бидай өсіріледі). ШҚ басшысы қазіргі егінге риза: барлығы 514 тонна бидай және 2950 тонна күнбағыс жиналды (орташа өнімділігі 21 және 22 ц/га). Шаруа қожалығында барлығы 4 адам еңбек етеді, олар берекелі де ұйымшыл ұжымды құрайды.
Шаруашылықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі жаңа қуатты техникалық базаның болуы болып табылады. Жинақталған автопарк аграрлық істің барлық талаптарына жауап береді. Мұнда тұқым сепкіштер, тракторлар, комбайндар және жерді сапалы күту мен өңдеу үшін қажетті басқа да арнайы заманауи техникалар бар. Жергілікті механизаторларға мұндай агрегаттарда жұмыс істеу бір ғанибет.


«Элита» шаруа қожалығын Виктор Владимирович Виничук басқарады, ол 2014 жылы құрылды. 1512 га алқапта бидайдың алтын масағы жарылған. Виктор Владимировичтың айтуынша, биыл шамамен 3000 тонна өнім жиналды (орташа түсім 20 центнерге тең).
Бұл жерде ұжымның жұмыс сапасына және техниканың тиісті жағдайына үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, биыл шаруашылық паркі жаңа комбайнмен толықты. Сондай-ақ, кәсіпорында астықты сақтауға арналған ангары мен жиналған өнімді өңдеуге арналған қажетті жабдықтар бар.
Өз ісіне және жер-анаға деген сүйіспеншіліктен басқа, ағайындыларды адамдарға көмек көрсетуге деген ниет біріктіреді. Юрий және Виктор аудан өмірінің түрлі салаларындағы белсенді демеушілер болып табылады. Атап айтар болсақ, жас спортшыларымызға жарысқа қатысу үшін қаржылай көмек көрсету, ауылды абаттандыру, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және т.б. Кәсіпкерлер мүмкіндіктеріне қарай көмекке мұқтаж адамдардың барлығына бірдей қол ұшын созуға тырысады.
«Виктория» шаруашылығы 2019 жылы механизатор маманы Юрий Гридякинге жаңа үй алып бергені осының бір дәлелі болып табылады. Юрий жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр, олар үшін бұл күтпеген әрі өте жағымды сыйлық болды.
Сондай-ақ, ағайындылар біздің ауданымыз бен облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттар, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. Облыс көлеміндегі жетістіктердің бірі «Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың алғыс хаты және ШҚО әкімінің орынбасары Д. Мусин Юрий Владимировичге «Өсімдік шаруашылығындағы прогрессивті инновациялық технологияларды енгізгені және пайдаланғаны үшін» атты алғыс хаты болып табылады.
Жас кәсіпкерлердің бас инвесторы мен тәлімгері ауданымыздың тұрақты демеушісі, еңбек адамы және тәжірибелі бизнесмен, Виктор мен Юрийдің әкесі – Владимир Виничук болып табылады. Ол жергілікті халықты көмірмен қамтамасыз ететін "Виничук В.В." ЖК басқарады.
Біз ол кісіден ұлдарының отбасылық агробизнесті бастау туралы ойға қалай келгендігін айтып беруін өтіндік:
– Өз уақытында аграрлық сектормен айналысу идеясы кездейсоқ туындаған жоқ - менің екі балам да ауыл шаруашылығы техникумын аяқтады, сондықтан өз білімдерін тәжірибеде қолдануға шешім қабылдады. Өз қаражаттарына 700 гектар жер және техника сатып алды. Мен өз тарапымнан балалардың таңдауын барынша мақұлдаймын және оларды мақтан тұтамын. Өйткені аграрлық бизнес - бұл жай ғана бизнес емес. Бұл үлкен жауапкершілік, әлеуметтік тұрақтылық, өмірлік жайлылық және ең бастысы — бұл онсыз жердегі тіршіліктің жүрмейтінін айқындайтын бизнес, – дейді Владимир Викторович.

Виктория ГАРМАШОВА 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз