Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақой ауылындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде 29 қараша күні Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне байланысты «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты оқушылар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, ептілік пен жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болып, байланысты жақсарту. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа, өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.


Сайысқа "Бүркіт", "Дружные ребята", "Қыран", "Жеңіліп қаламыз", "Жауынгерлер", "Сұңқар" және "Волки" сынды 7 топ қатысты. Топтарды ортаға шақырып, сайыстың ережелерімен таныстырылды. Әділ баға беретін төрешілер алқасы таныстырылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Айсұлу Маденовнаға құттықтау сөзі берілді. Сайысқа сәттілік тілегенше, жарыс басталып кетті. Өте көңілді әр түрлі эстафеталар болды. Келген қонақтар, жанкүйерлер тамаша көңіл-күйде болды. Татулық пен береке-бірліктің куәсі болдық. Сайыс болған жерде жеңімпаз болады. Әр топ керемет өнер көрсетіп, ойын соңында мадақтама қағазымен марапатталды. Басты жүлде "Дружные ребята" тобына бұйырса, І орынды "Жеңіліп қаламыз" тобы мен "Сұңқар" тобы жеңіп алды. ІІ орынға "Бүркіт" тобы мен "Волки" тобы ие болса, ІІІ орынға "Қыран" тобы мен "Жауынгерлер тобы" ие болды. Ата-аналар мен балалардың қуаныштарында шек жоқ. Бала үшін, алтын уақыттарын қиып сайысқа қатысқан әрбір отбасына алғыс айтамыз және де, сайыс-ты ұйымдастырған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Тоқтасынов Тимур Ерғазыұлы мен Жотабаев Даулет Ахметхалиұлына үлкен рахмет. Өміріміздің мәні – балалар. Балаларға үлкен қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйладыңыздар.
Спорт - денсаулық кепілі. Ендеше, денсау-лығымыз мықты болуы үшін, ұрпағымыздың дені сау болуы үшін спортпен шынығып жүрейік, ағайын!


М.М.Ахметова, кітапханашы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз