Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылында барлық сала мамандары және еріктілердің қатысуымен «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. М.Әуезов атындағы орта мектебінің жас ұстаздары Нұргүл Изгуттинова, Салтанат Далбина, Эльмира Изгуттинова, Бахыт Мазыбаева, Лаура Абикенова ауыл тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 250 дана бетперде тігіп, ауылдағы қарт адамдарға, көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға тегін таратты. Ауылымыздың белсенді жастары да 70 дана бетпердені әр түрлі санаттағы тұрғындарға тегін таратып алғыстарын алды.


Осы ауылдық округке қарасты Үшкөмей ауылының жас келіндері де бетперде тігіп, өз жерлестеріне тегін таратуда. Акцияның мақсаты әр ауыл тұрғынын бетпердемен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары Айгүл Арыстанбекова сатылымға шығарған бетперделерінің бағасы 200 теңгені, зейнеткер апамыз Айман Жексенбаеваның қолынан шыққан маскалардың бағасы 100 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, зейнеткер тігінші Русал Құдагелдинова апамыз да акцияны қолдап, бетперделер тігіп туған-туыстарын мен көрші-қолаңдарына тегін таратты.
Жақсылық жасау тек жекелеген еріктілердің ғана емес, сіз бен біздің де қолымыздан келетін дүние, - дейді Айман апамыз. Бүгінгі күнде тассайлықтар береке-бірлігінің арқасында бетперде тапшылығының шешімін тапқаны - баршаға үлгі!

Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз