Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көктем келісімен аудан округтерінде санитарлық тазалау және көркейту жұмыстары біртіндеп жандана бастады. Палатцы ауылдық округінің әкімі Бағжамал Базылағзамның ақпараты бойынша, Подгорное ауылындағы Жеңіс саябағында 40 түп қарағай, 20 қайың көшеті, 10 черемуха, 5 бұта сирени, 25 - жіп отырғызылды.


Апта бойы ауыл әкімшілігі мен мәдениет үйі қызметкерлерінің күшімен ескерткіш аумағындағы тақталарды, қоршауларды сырлау, әктеу, ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 1 мамырға қарай гүлдер отырғызылады. Қаракөл ауылында "Батраков" ШҚ қатысуымен ауылдық клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдай кезінде және карантин енгізілген кезде 170 дана маска тігіліп, ауыл тұрғындарына берілді. Округте блок-бекеттер орнатылған және белгіленген тәртіпте жұмыс істейді.

Біздің тілшіміз

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз