Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлгілімалшы ауылдық округіне қарасты Мамай ауылындағы қарапайым қазақ жастарының ауыз біршілігі мен береке-бірлігінің арқасында өз туған, туып-өскен ауылдарына бір адамдай қаражат жинап, миллион тенгенің көлемінде кіре берісіне арка орнатты.
Осындай жанашыр жүрегі ауыл деп соғатын азаматтар қатары көп болса нұр үстіне нұр болар еді. Кішкентай ғана ауыл мал шаруашылығымен айналысып, еңбекқор жастар өз шаруаларын дөңгелетіп ауылға деген қамқорлықтарын көрсетіп, мәрттік жасады. ұлттық спортың түрлерін дамытуда Мамай жастарының үлесі зор. Әсіресе ұлттық ат спорт түрлері соңғы жылдары ауылда қайта жаңғырып келеді. Көкпар мен бәйге ұлттық ойындары жастардың көп қызығушылығын тудыруда.
Мамай ауылының жастары футбол ойынынан да аудандық жарыстарда топ жарып жүр. Шағын ауылдың ұйымшыл жастары осылайша спортты жанына серік етіп, ауыл намысын қорғауда. "Жас келсе іске" дегендей ауылдың бір топ жастарының өз күштерімен игі бастаманы қолға алғандарына мың алғыс білдіреміз.

Ауылдық округ әкімдігінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз