Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылдық округінде «Тассай ауылына кіреберіс» 9 шақырым көлеміндегі тасжолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Өңірлерді байланыстыратын күре жолдың да, ауыл - ауылға қатынайтын қара жолдың да жанға жайлы болғаны қандай жақсы. «Жол азабын жүрген біледі» дегендей, Тассай ауылындағы шешімін күткен күрделі мәселелердің бірегейі автокөлік жолдарының жайы болатын. Ал, бүгінде көпшіліктің қабырғасына аяздай батқан Тассайдағы осы бір түйткілдің түйіні біртіндеп шешіле бастаған сыңайлы.
Жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе болып табылады. Көптеген дамыған елдерде жолдарды жаңғырту және инфрақұрылымға инвестициялар қажеттілігі бұрыннан дамудың негізгі факторларының біріне айналды. Бұл жерде ең алдымен жолдарды жөндеу, сондай - ақ қолданыстағы жол желісін кеңейту және жетілдіру туралы сөз болып отыр. Әрине, ерте ме, кеш пе жолдың нашарлап, жүруге жарамай, жөндеу жұмыстарын талап ететіні белгілі. Тассай жолы үшін бұл жұмыстарды орындау маусымы бірнеше жыл бұрын келген болатын. Алайда, осы уақыт ішінде мәселе тек пікірталастар мен ұсыныстар деңгейінде ғана қалып келді. Қазіргі уақытта аудан әкімі Раджан Сейтқановтың тікелей атсалысуымен жағдай өзгерді. Мемлекеттік сатып алу конкурсына сәйкес мердігер "ОблШығысЖол" ЖШС болып танылды. Жоба сомасы 223 414,444 мың теңгені құрайды. Техникалық қадағалауды "Arrive” ЖК жүзеге асырады. Ағымдағы жағдай туралы білу және мердігермен тікелей сөйлесу үшін біз жобаның тапсырыс берушісі "ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен бірге жоба атқарылып жатқан жерге барып, жұмыс барысымен танысып қайттық.


Учаскі шебері Ерден Бигазинов жұмыс 2 шілдеде басталғанын айтты. Қазіргі уақытта бригада бетонды асфальт жабынын төсеумен айналысуда. Оған 10 жұмысшы мен 8 техника жұмылдырылған. Жол жөндеу жұмыстарын аяқтау туралы айтуға әлі ерте, жобаны пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі ағымдағы жылдың күзіне белгіленген.
Қанағат Апсадықов, Тассай ауылының тұрғыны, көлік жүргізушісі:
- Мен шамамен 30 жылдан аса жолаушы тасымалдаушы такси болып жүрмін. Осы көп жылдар аралығында маған да, жолаушыларға да және басқа жүргізушілерге де ауылдарды байланыстыратын жолды жүргенде үлкен қиындық тудыратын. Екі ортада жүріп автокөлігімізге де зияны тигені сөзсіз. Міне, енді ол күндер артта қалып, жолымыз жөнделуде. Біз, ауыл тұрғындары, өте қуаныштымыз. Мердігер ұйым жұмысшыларына сәттілік тілей отырып, бұл жол көптеген жылдар бойы бізді қуантады деп үміттенеміз. Азаматтардың өзекті мәселесін шешуде көлеңкеде тығылып қалмаған әкімшілік өкілдеріне алғысымызды білдіреміз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз