Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкжайық орта мектебінде «Абай оқулары» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Жыл са-йын дәстүрлі түрде ел көлемінде өтетін сайыстың аудандық кезеңіне жолдама берілген. Бұл байқауда 12 қатысушы «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымдары бойынша бақ сынады. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа айта білуі, мәнерлеп орындауы ескерілді.

Бұл бөлімде ақынның 105 өлеңін жатқа білетін 9-сынып оқушысы Жасұлан Фатима І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орынды 6-сынып оқушылары Теміртай Балнұр мен Сейітқалым Нұрай иеленсе, ал Сәрсенова Ділнұр мен Қинаят Диана және Оразбек Нұрдәулет ІІІ орынға ие болды. Қатысушылар өлеңді жатқа айтумен қатар, нақышына келтіріп мәнерлеп оқуға да көңіл бөлді. «Көңілім әнді ұғады» бөлімі бойынша ақынның әндерін орындау шеберлігі бағаланды. Бұл кезеңде І орынды 6-сынып оқушысы Бота Қасымқайыр мен 5-сынып оқушысы Нұрдәулет Оразбек жеңіп алды. Асылжан Дәлелханова ІІ орынды иеленді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымы мектебіміздің жас ақындарына арналған. Жас ақындар үйден дайындап келген арнау өлеңдерін оқыды және де берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сол мезетте тақырыпқа сай өлең шумақтарын құрастырды. Белгілі өлең өлшеміне сай, ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, өз ойларын көркем сөздермен жеткізген шығарма болуы тиіс. Бұл кезеңде І орынды 10-сынып оқушысы Сыдық Айбек пен 9-сынып оқушысы Ақбота Еркінқызы иеленді. ІІ орынға 6-сынып оқушысы Ақшолпан Еркінқызы ие болды. Аудандық кезеңге жолдама «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша Фатима Жасұлан мен «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымы бойынша Сыдық Айбекке берілді. Оқушыларға аудандық кезеңде сәттілік тілейміз.

А.Азимбаева
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз