Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

26 Тамыз 2020

АУЫЛ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Үлкен күре жолдан алыс жатқан Мариногорка ауылында таңертең ертемен көшелерде тракторлар гүрілдейді, барлық жерде үйілген құм, саз балшықтар. Бұл округте «ауылдық аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес су құбыры желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Қазіргі уақытта Зайсан қаласының «СМУ Шығыс» мердігерлік компаниясымен 9 км су құбыры желілері тартылуда. Жұмыстың аяқталуы келесі жылы қарастырылған, - дейді Мариногорка ауылдық округінің әкімі Қайдар Сәкенұлы Сурашев. – Бұл құрылыс жұмысына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығынан 3 адам жұмысқа тартылды. Жұмба және Мойылды ауылдарына блокты-модульді станциялар орнатылады.

Read more

Главная задача – улучшение жизни сельчан

В стороне от больших дорог в  отдаленном и тихом селе Мариногорка с раннего утра на улицах гудят трактора, повсюду горы песка, глины. Это идут работы по установлению водопроводных сетей, согласно госпрограммы «Развитие сельских регионов».

- В настоящее время идет прокладка 9 км водопроводных труб, которые проводит подрядная компания «СМУ Шыгыс» из г.Зайсана. Окончание работ предусмотрено в следующем году, - говорит аким Мариногорского сельского округа Кайдар Сайкенович Сурашев. – В ходе этого мероприятия к работе привлечены 3 человека из Центра занятости и социальных программ. В селах округа Джумба и Мойылды будут установлены блочно-модульные станции.

Read more

«АҚ НИЕТ - КӨКПЕКТІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРАР ІСІ АУҚЫМДЫ

Қазіргідей қым-қуыт заманда кейбір мәселелерді шешіп, қаржыландыруда қоғамдық қорлардың атқарып отырған жұмысы айтарлықтай. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат шектеулі болған жағдайда қоғамдық қорлар сол мәселеге қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, септігін тигізіп жатқанын атап өткен жөн.

Олар әр аймақта күрмеуі көп мәселелерді шешу жолында тынбай еңбек етіп, халықтың игілігіне жұмыс істеп келеді. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, олардың мәселесін көтеріп, тиісті жұмыстарды дер кезінде атқарып отырған қорлар елімізде көп болса, қанша мәселе үкіметке алақан жайып отырмай, өздігінен шешімін табары сөзсіз.
Жұртшылықтың көңілінен шығып, жұмыс істеп келе жатқан осындай қорлардың бірі - «Ақ Ниет- Көкпекті қайырымдылық» қоры. Аудандағы бұл қордың ашылып, нақты бағытта жұмыс жасай бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Қор жұмысы жариялы түрде көпшілікке ашық жүргізілуде. Қор құрудағы басты мақсаты мен мәні - тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру. Ерікті қайырымдылық және гуманитарлық көмек түрінде түскен қаражаттарды, сондай-ақ басқа мүлікті жинақтау.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз