Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біздің ауданда Сovid 19 вирустық инфекциясына қарсы екпе алу науқаны қызу жүріп жатыр. Алғашқы еріктілер медициналық қызметкерлердің бақылауында болып, вакцинаның екінші компонентін алды.
- Қауіпті індетке қарсы вакцинаның бірінші және екінші компонентін алу кезінде тұрғындар өздерін жақсы сезінді, шағымдар, жағымсыз әсер болмаған. Екпені салдырмас бұрын әр адам вакцинаның құрамы мен өндірушісі туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы. Қауіпті індетке қарсы вакцинация алу ерікті негізде екпе алушының келісімімен қойылады. Әрбір екпе қойдырушы дәрігердің тексеруінен өтті.

Толығырақ...

Жақында Көкпекті аудандық ауруханасының жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне көпфункционалды төсек-трансформерлердің кезекті партиясын алды. Олар медициналық персонал үшін ең аз жүктемесі бар пациентке қауіпсіз күтімді қамтамасыз етеді.
Алынған төсектер жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің жоғары талаптарын толығымен қанағаттандырады. Заманауи құрал-жабдықтармен және оның маңыздылығымен бізді дәрігер-реаниматолог Әділет Мұратұлы Мамаев таныстырды.

Толығырақ...

Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ұсынған мәлімдеме бойынша 1- 4 наурыз аралығында COVID-19 жұқтырудың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Коронавирус індетімен Преображенка (1) және Үлкенбөкен (1) ауылдарында жалпы 2 науқас тіркелді. Бірінші науқаста коронавирус ауруының симптомдарының клиникалық көрінісі бар, екінші науқас "асимптоматикалық" санатына жатады.
Көкпекті ауданында коронавируспен сырқаттанушылар санының төмендеуіне қарамастан, барлық тұрғындарды профилактикалық және санитарлық шараларды сақтауға шақырамыз. Өз денсаулығыңызды қорғаңыз.

Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ұсынған мәлімдеме бойынша Көкпекті ауданында ағымдағы жылдың 15-25 ақпан аралығында COVID-19 жұқтырудың 6 жаңа жағдайы тіркелді.
Бұл жаңа жағдайлар Көкжайық (1), Үлкенбөкен (2) және Самар(3), ауылдарында тіркеліп отыр. 5 науқаста коронавирустық инфекция белгілері болса, 1 науқаста симптомсыз түрі анықталған. Індетпен ауырғандардың арасында бір бала бар.
Көкпекті ауданында коронавируспен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, барлық тұрғындарды профилактикалық және санитарлық шараларды сақтауға шақырамыз. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз.

Президент Жарлығына сәйкес жылда барлық деңгейдегі әкімдер дәстүрлі түрде халық алдында есеп береді. Биыл елдегі санитарлық -эпидемиологиялық ахуалға байланысты ауылдық округ әкімдерінің тұрғындар алдындағы есебі әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы өрбіді. Дегенмен, Биғаш ауылдық округінде ауыл әкімінің есебі дәстүрлі форматта өткізілді. 28 қаңтар күні Биғаш ауылдық округінің әкімі Жарқын Айтқазыұлы Бауедимов 2020 жылы атқарған жұмыстарын саралап, 2021 жылы атқаратын бастамаларын ортаға салды.
Интернет желісіне қосылмаған, ұялы байланыс жүйесі өткен жылдың соңында қосылса да, сапасы төмен болып тұрған округ тұрғындары ауыл әкімінің есебін жылдағы дәстүрге сай тыңдады. Есептік кездесуде көтерілген басты мәселенің бірі де осы байланыс желісі болды. Биғаш ауылымен бірге ұялы байланыс құрылғысы іске қосылған ауданның басқа округтерінің тұрғындары еш қиындықсыз ғаламторға да қосылып отыр. Ал Биғашта неге екені белгісіз ғаламторды былай қойып, қарапайым ұялы байланыс сапасы нашар. Тіпті округке қарасты Егінбұлақ, Қарғалы ауылдарында ұялы байланыс ұстамайды. Бір сөзбен айтқанда, өткен жылдың соңында байланыс аясына шығып, бөркін аспанға атқан тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Бұл мәселе бойынша ауыл әкімі Жарқын Бауедимов алдағы уақытта тұрғындармен кездесуге «Қазақтелеком» басшысы шақырылып, маман қалыптасқан жағдайға түсініктеме беретінін жеткізді. Есептік кездесуге қатысқан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Самат Кунафин де тұрғындарды алдағы уақытта бұл мәселе толық шешіледі деп сендірді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз