Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жақында Көкпекті аудандық ауруханасының жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне көпфункционалды төсек-трансформерлердің кезекті партиясын алды. Олар медициналық персонал үшін ең аз жүктемесі бар пациентке қауіпсіз күтімді қамтамасыз етеді.
Алынған төсектер жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің жоғары талаптарын толығымен қанағаттандырады. Заманауи құрал-жабдықтармен және оның маңыздылығымен бізді дәрігер-реаниматолог Әділет Мұратұлы Мамаев таныстырды.


- Біз 4 жаңа көпфункционалды төсек алдық. Қазіргі уақытта ауруханада олардың саны - 12. Арнайы төсектер Чехия елінің өндірісінде жасалған. Қарапайым төсектерден айырмашылығы, басқару пульттері бар, олардың көмегімен дәрігерлер де, пациенттердің өздері де жағдайды реттей алады. Бұл үшін ешқандай физикалық күш салудың қажеті жоқ, бәрі түймелерді басумен реттеледі. Бүйірлік шектегіштер бар. Дәрі-дәрмектерді беруді бақылауға арналған диспенсерлер бар. Штативтердің орналасуы оңай өзгереді. Матрацтар ортопедиялық типтегі арнайы поролоннан жасалған. Олар оңай жуылады және сұйықтықты сіңірмейді. Бұл төсектер әр пациентке жеке-жеке оңай бейімделеді деп айтуға болады. Сондай-ақ, жансақтау бөліміне трансформер кереуеттермен қоса 2 монитор және 2 инфузомат түсті. Мұның бәрі науқасты тиімді емдеу үшін қажетті кешен. Мониторлардың көмегімен қан қысымын, жүрек соғысын, дененің сатурациясын, тыныс алу жиілігін, науқастың дене қызуын бақылауға және инвазивті бақылауды жүзеге асыруға болады.
Дәрігер реаниматологтың айтуынша, мұндай төсек аурухананың ковид бөлімінде де бар. Осы жабдықтардың көмегімен медициналық көмек тез және тиімді жүзеге асады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз