Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада "Көкпекті ауданының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" әлеуметтік қызметкерлер кабинетінде "Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның маңызы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында "Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы" медицина қызметкерлері эпидемиолог - иммунолог А.Айсин, салауатты өмір салты кабинетінің медицина қызметкері Н.Күдербаева, медицина қызметінің ардагері Р.Солтанбекова, заңгер Э.Джабарова коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алудың маңыздылығы туралы егжей - тегжейлі айтып берді. Тұрғындарға бұл бағытта профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жалғасуда, өйткені барлық тұрғындар вакцинацияның маңыздылығын әлі де ұға қойған жоқ.


- Пандемия басталғаннан бері облыс бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 34 мың жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда Өскемен, Семей қалалары "қызыл" аймақ болып табылады. Ағымдағы жылдың 7 - 8 тамызы аралығында аурудың жаңа 300 жағдайы тіркелді. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, өткен жылғы ковидпен салыстырғанда үнділік «дельта» штаммы әсіресе агрессивті болып табылады. Вакцинацияланған науқастар арасында ауырған жағдайлар бар, бірақ олар жеңіл және орташа деңгейде ауырады. Пандемия басталғалы облыс бойынша 372 адам қайтыс болды. Яғни өткен жылы – 300 адам, биыл - 72 адам. Мамандардың айтуынша, вакцинацияның арқасында адам өлімінің төмендеуі байқалды. Сондықтан ауыр халге түспеу үшін, ковидтің ауыр түрімен ауырмау үшін біздің миссиямыз - әрбір азаматқа вакцинацияның вирустан сенімді қорған екенін жеткізу, - деп атап өтті Нұрғайша Мұхаметқазықызы.
Дәрігер эпидемиолог - иммунолог Алиби Сағитұлы жиналғандарды Самар аймағы бойынша КВИ жағдайы және ковидпен ауырғандардың арасында балалар бар екендігі туралы хабардар етті. - Айта кету керек, қауіпті індетке қарсы екпе алмаған адамдар ауырып жатыр. Вакцинация - өзіңізді коронавирустан қорғаудың жалғыз тәсілі. Ол екі кезеңде жүзеге асырылады. Біріншісінде белсенді иммундық жасушалар шығарылады. Егер біріншісінде әсер болмаса, екіншісінде бұл иммундық жасушаларды күшейтіп, вирусқа қарсы ұзақ уақытқа төзімді етеді, - деп қосты дәрігер.
Дөңгелек үстелде Р.Солтанбекова, Э.Джабарова екпелерді қабылдаудың маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Самар ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.Нұрпейісова вакцинацияға қатысты халықпен жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы баяндады. - Округте 6 328 адам тұрады. Бүгінде 4 171 адам вакцинациялануға мүмкіндігі бар. Бірақ оның ішінде тек вакцинаның бірінші компонентін 1843 адам, екінші компонентін 1470 адам алды. Бірінші компонентті алмаған адам саны - 2328, екінші компонент алмағандар саны - 2 696 адам. Бұл округ халқының жартысы COVID-ке қарсы егілмегенін білдіреді. Сонымен қатар, ауыл әкімдігі қызметкерлері медицина қызметкерлерімен бірлесіп күн сайын тұрғындарды аралап, вакцинацияның маңыздылығын түсіндіруде. Біз округтің барлық тұрғындарына вакцинациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа жауапты түрде және түсіністікпен қарауларын ескере отыра, оның маңыздылығын, өз денсаулығын, сондай-ақ айналасындағыларды, жақындары мен туыстарын сақтау үшін үндеу тастаймыз. Вакцинация жүргізу туралы халық арасында насихаттау мен түсіндіру жұмысы - бұл біздің ортақ міндетіміз. Әлеуметтік желілерде вакцинация туралы жалған ақпарат пен хабарлар көп мөлшерде берілуде. Оған көптеген адамдар сеніп, вакцина алмайды. Осылайша қателесіп, өз денсаулығына зиян келтіреді. Біз бәріміз бірге жағдайды оң бағытқа бұрып, толық вакцинацияға қол жеткізуіміз керек. Халыққа ақпараттық эстафетаны тапсырып, сырқаттанушылық пен өлім - жітімнің өсуіне жол бермеуіміз керек, - деп түйіндеді Гүлсара Әнуарбекқызы.
Самар орталық кітапханасының кітапханашылары М.Попова мен Г.Сейілханова вакцинация туралы слайд және бір кездері қауіпті вирустық инфекциялар індетін жоюға көмектескен вакциналардың пайда болу тарихынан ақпараттық блог ұсынды.
Өз өміріңізді, жақын адамдарыңыздың, айналаңыздағы адамдардың өмірін бағалаңыз. Денсаулық - әр адам үшін басты байлық. Сондықтан біз оны сақтауға, медициналық қызметкерлердің айтқан кеңестеріне құлақ асуға міндеттіміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз