Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Вакцинация – жұқпалы аурулармен күресудің ғылыми негізделген және ең тиімді әдісі болып табылады. Коронавирус індетінен қорғанудың бірден бір жолы – бұл екпе алу. Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресуде вакциналау әдісін қолдануда. Әлем халқы вакцинацияға үміт артып отыр.
Көкпекті ауданында төртінші ай коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу науқаны жүргізіліп жатыр. Аудандық басылымда екпе алу барысы туралы үнемі ақпарат беріп келеміз.
Аудандық орталық аурухана мамандарының мәліметі бойынша шілде айының басынан бері корнавирус індетіне қарсы вакцинамен 1825 адам егілген. Оның ішінде 843 адам толық екпе алушылар, бұлар вакцинаның 2 компенентімен егілгендер. Екпе салу кезінде «Гам-КОВИД-вак» («Спутник V») вакцинасы қолданылды. Көкпекті өңірі бойынша вакцинациялау басталғалы 4255 адам екпе алған, оның ішінде 2606 адамға толық 2 компенент егілді.


Естеріңізге сала кетсек, вакцинаны аудан орталығы Көкпектіге келмей де алуға болады. Бұл мақсатта әрбір ауылдық округтегі дәрігерлік амбулаторияларда екпе салу бекеттері құрылған. Жергілікті тұрғындар өз ауылында екпе алу мүмкіндігіне ие. Көкпекті ауданы бойынша барлығы 8 стационарлық және 1 көшпелі екпе алу бекеті жұмыс істеп тұр. Олар сапалы және қауіпсіз екпе жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті құрылғылармен қамтылған.
Коронавирусқа қарсы вакцина алу – бұл өз деңсаулығына және жақындарыңның амандығына асқан жауапкершілікпен және қамқорлықпен қараудың жарқын үлгісі. Екпе алған адамның имміндық жүйесі организмдағы вирусты анықтап, оны жою үшін күреседі. Медицина мамандары вакцина алу қазіргі уақытта инфекциялық аурылармен күресудің және оның алдын алудың бірден бір тиімді жолы екенін айтуда. Осылайша, сіз тек қана өзіңізді емес, жақындарыңызды да қорғайсыз.
Қауіпті індетке қарсы вакцинаны кез келген ниет білдіруші адамның алуға мүмкіндігі бар. Бұл үшін аудандық ауруханаға 2-02-34 телефоны арқылы хабарласып немесе Е- Gov порталы арқылы жазылуға болады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз