Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 Шілде 2021

КОРОНАВИРУСТАН ҚОРҒАНУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ - ВАКЦИНА АЛУ

Вакцинация – жұқпалы аурулармен күресудің ғылыми негізделген және ең тиімді әдісі болып табылады. Коронавирус індетінен қорғанудың бірден бір жолы – бұл екпе алу. Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресуде вакциналау әдісін қолдануда. Әлем халқы вакцинацияға үміт артып отыр.
Көкпекті ауданында төртінші ай коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу науқаны жүргізіліп жатыр. Аудандық басылымда екпе алу барысы туралы үнемі ақпарат беріп келеміз.
Аудандық орталық аурухана мамандарының мәліметі бойынша шілде айының басынан бері корнавирус індетіне қарсы вакцинамен 1825 адам егілген. Оның ішінде 843 адам толық екпе алушылар, бұлар вакцинаның 2 компенентімен егілгендер. Екпе салу кезінде «Гам-КОВИД-вак» («Спутник V») вакцинасы қолданылды. Көкпекті өңірі бойынша вакцинациялау басталғалы 4255 адам екпе алған, оның ішінде 2606 адамға толық 2 компенент егілді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз