Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан жастары аптаны салауатты өмір салтын насихаттаудан бастады. Көкпекті жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Темекі шеккенше, тәтті же» ұранымен жастардың ат салысуымен акция өткізілді. Акцияға ресурстық орталықтың белсенді, ерікті жастары ат салысты.
Ауданның Жастар ресурстық орталығының жас мамандары тұрғындар арасында зиянды заттарды қабылдаушыларға түсіндірме іс-шараларын өткізіп, шылымды тәтті кәмпиттерге ауыстыру арқылы үйреншікті зиянды заттардан құтылу жолдарын талқылады.


«Темекі шеккенше, тәтті же» атты акция аясында аудан тұрғындарының көбі зиянды заттарын қолынан тастай салып, тәттіні алды!
Ресми мәліметтерге сүйенсек, өлім-жітім жағынан алғашқы орында тұрған жүрек-қан тамыры аурулары, тыныс алу органдары аурулары мен қатерлі ісіктің қай-қайсысы да шылымқорлық салдарынан болатын дерттер. Ерікті, белсенді жастардың қатысуымен өткен акцияның мақсаты - жалпы адам ағзасына зиянды нәрселерді тұтынудан бойларын аулақ ұстауға шақыру, темекінің құрамындағы зиянды, улы заттардың қаншалықты адам өміріне қауіпті екендігін жеткізу. Салауатты салтты насихаттау шарасы барысында акцияға қатысушылар тұрғындарға темекінің зияны туралы түсінік бере отырып, үлестірмелі парақшалар, темекінің орнына түрлі тәттілер таратты.
Айта кетсек, шылым шегу үш негізгі ауруды тудырады: өкпе обыры, созылмалы бронхит және жүректің ишемиялық ауруы. Темекі барлық жағдайлардың 90% -ында өкпенің қатерлі ісігінен, 75% -ында бронхит пен эмфиземадан және 25% -да жүрек ауруынан болатын өлімнің себебі болып табылады.
Құрметті ауыл тұрғындары, тек бүгін ғана зиянды заттарға деген құмарлықты тастамай, мүлдем өмірімізден алып тастайық!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз