Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 9-10 қарашасында Семей қаласында NOMAD MMA бойынша ашық облыс чемпионаты өтті. Турнирге 18 команда қатысты.

Чемпионат барысында біздің жігіттер жаттықтырушы Руслан Жүнісовтың басшылығымен қарсыластарының жауырынын жер иіскетіп, тамаша нәтиже көрсетті. Турнирдің қорытындысы бойынша біздің команданың қоржынында 5 Бірінші, 8 екінші және 1 үшінші орын бар.
Өз салмақ және жас категорияларында Исатай Айыпқазы, Дарья Кара, Дария Ахмерова, Ердан Орымбеков және Юлия Силантьева чемпион атанды. Күміс жүлдені Мария Кара, Карина Есенғазина, Еркежан Шабанова, Дарын Бердібек, Мәди Түсіпбек, Динияр Ғалиев, Азат Қожаев және Ирак Аманжолов алды. Құрмет тұғырының үшінші жолы Бекзат Қайырхановқа тиесілі.
Біздің отандастарымызды табысты өнер көрсетулеріме нқұттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер тілейміз!

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Өскемен қаласында «Шуақты шаңырақ-2019» облыстық байқауы өтті. Байқау жастар жылына орай ұйымдастырылы, оған жас отбасылар қатысып бақтарын сынады.
Аталмыш байқауға біздің ауданның намысын қорғаған Самар ауылының тұрғыны Фарид Тұрсыновтың отбасы болды. Байқаудың барлық сынынан сүрінбей өткен Фарид Тұрсыновтың отбасы І орынды қанжығалап қайтты. Оларға қаржылай сыйлық пен марапат табысталды. Фарид отбасында Темірлан мен Томиристің ардақты әкесі, Сәуле атты жарының сүйікті жары. Олар отбасылық сайысқа келген 12 отбасының алдынан оза шауып жүлдеге ие болды.

Толығырақ...

Біздің жас жерлестеріміз - жаттықтырушы Руслан Нұрланұлы Жүнісовтің шәкірттері беделді турнирлерден марапаттар алып келді.
Ағымдағы жылдың 16-22 қазан аралығында Қарағанды қаласында алғаш рет аралас жекпе-жек бойынша Nomad MMA Ашық Азия чемпионаты өтті. Ұйымдастырушылар - NOMAD MMA Бүкіләлемдік Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.
Жарысқа 10 және одан жоғары жастағы 632 спортшы қатысты. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Бангладеш, Ауғанстан, Пәкістан, Иран және Әзірбайжаннан іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары үздік деп танылды.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Көкпекті аудандық «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» басқармасының ұйымдастырымен «Көкпекті ауданында құтырма ауруының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Көкпекті аудандық ветеринария бөлімінің басшысы
Е.Төлешов, «Көкпекті мал дәрігері» жетекші маманы Ж.Азикенов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Сарсенбаев және БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге Көкпекті аудандық «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» басқармасының басшысы Г.Абдрасулова төрағалық етті. Сондай-ақ, аталмыш бөлімнің жетекші мамандары Н.Жадрина, Г.Нығметжанова, Н.Рахимова, А.Акчабарова да болды.
Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде, алғашқы сөз алған Көкпекті аудандық «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» басқармасының басшысы Г.Абдрасулова «Көкпекті ауданында құтырма ауруының эпидемиологиялық жағдайы» туралы баяндап берді. Ол: «Эпидемиологиялық жағдай халық арасында тұрақты деп бағаланып отыр. Тұрғындар арасында құтырма ауруы тіркелмеген. Көкпекті ауданы бойынша 2019 жылдың 9 айында денсаулық сақтау ұйымдарына жануарлардың тістеуі бойынша 83 адам (57 - ит иесі белгілі, 26 - ит иесі белгісіз) медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі – 41 бала (62,2%). 2018 жылдың 9 айы аналитикалық кезеңімен салыстырғанда 21 жағдайға өсіп отыр (2018ж 9 айы - 62 ит қабу жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі - 20 бала ( 30,3 %). 2019 жылдың 9 айындағы 83 ит қабу жағдайы келесі округтерде анықталып отыр:
Ит қабу бойынша шұғыл хабарламалар негізінде 2019 жылдың 9 айында ең көп тіркелген ит қабу жағдайы Самар а/о, Самар ауылында-29 ит қабу жағдайы тіркеліп отыр (жалпы ауданның 35% құрайды). Оның ішінде 14 жасқа дейінгі - 11бала. Келесі ит қабу жағдайы Көкпекті а/о, Көкпекті ауылында 15 ит қабу жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі – 9 бала тіркелген, - деп атап өтті.

Толығырақ...

Елімізде тұрғындар арасында спортты насихаттау мақсатында «Денсаулық фестивалі» өткізіліп келеді. Мақсат жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын денсаулықты сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға әр азаматтың ортақ жауапкершілігіне аудару. Расында да, қанатын кеңге жайған «Денсаулық фестивалi» акциясы жылдан-жылға өркендеп, шынайы Денсаулық мерекесiне айналып келедi. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мақсатына орайластырылған iс-шаралардың орындалуы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылуының нақты дәлелi болса керек.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз