Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» ән байқауының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Ән байқауына қызмет алушы тәрбиешісімен 7 жұп қатысты. Балаларды белсенді шығармашылыққа тарту байқаудың басты мақсаты болып табылды. Талантты орындаушыларды анықтап, келесі мәреге жіберілетін жеңімпаздар іріктелді. Өздерінің өнерлерін сахна төрінде паш еткен сайысқа қатысушылар көңілді, қызықты нөмірлер ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Семей қаласында өтетін келесі кезеңге Тлеухан Сәлімжанов өз тәлімгері Лариса Титовамен және Ыдрышева Аяулым мен Арай Айдарғазина өтті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

Толығырақ...

Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып жаңа оқу жылын тың күшпен бастаулары үшін қолайлы уақыт. Әрбір бала жанға жайлы, демалысты қызықты өткізуді армандайды. Осы ретте Мойылды және Новостройка ауылдарындағы спорттық-сауықтыру балажайлары үлкен тəжірибеге ие. «Балауса – Көкпекті 3», «Балауса – Көкпекті 2» балажайлары өз жұмысын маусым айының 16 бастаған болатын. Қазір олар соңғы бесінші маусымын аяқтады. Аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жазғы каникуль кезінде аудан бойынша 3806 бала жазғы балажайларда демалды.
Білім бөлімінің әдіскері Динара Садвақасованы әңгімеге тартқан едік.
Білім бөлімінің әдіскері Динара Садвақасованың айтуынша, биылғы жылы демалыс, сауықтыру және жазғы маусымда лагерь жұмысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 6 млн 390 мың теңге қаржы бөлінген.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 19-22 маусым аралығында Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Респуб-ликасы чемпионаты өтті.

Республикалық спорт додасында Шығыс Қазақстан облысы атынан спортшы жерлесіміз Дидар Тұқышев 60 келі салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, қанжығасы майланып қайтты. Қостанайда өткен тартысты күресте бойындағы бар күш-қайратын, батылдығы мен жоғарғы даярлығын көрсеткен жас ұлан аудан намысын қолдан бермей, жүлделі І орынды иеленді. Жеңісті оғланның атақты тәлімгері Дәурен Данабеков.
Спортшы чемпионатта 60 келі салмақ дәрежесінде Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Астана қалаларының палуандарымен белдесіп, ақтық сында Қарағандылық спортшыны жер қақтырды.

Толығырақ...

Уақытпен санаспай барлық жерде халыққа адал еңбек ететін, ақ халатты абзал жандар - медицина қызметкерлері екені белгілі.

Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара болды. Мерекелік шарада денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлерді мерейлі мерекелерімен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин құттықтап, сала үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.

-Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.

Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз- деген тілегімді білдіремін.

Ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосып, қажырлы еңбек етіп жүрген тұлғалар Р.Мұсабекова, Қ.Ахмерова, С.Назарбаева, Ш.Далбина, О.Тоғаспаев, А.Қалиоллаева, Г.Галиева, А.Күміспаева, А.Елеусізов, А.Ақшабарова, Ж.Ақшалова, Р.Генатуллин, Ж.Рахманова, Н.Антипина, Н.Оспанова, А.Қайсанова, С.Нұралинова, К.Серғазинова, Г.Өмірзақова, Б.Тоқтағазинов аудан әкімінің алғыс хатымен маратталды. Ал клиникалы-диагностикалық емханасының меңгерушісі Нұрлан Аубакиров және аудандық аурухананың офтальмолог дәрігері Мұхаметхан Мұсабеков «медицина саласының үздігі» төсбелгілері берілді.

Толығырақ...

2018 жылы ШҚО ІІД бастығымен бекітілген «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау мақсатында Көкпекты АІІБ-нің кадр жұмысы тобы бөлім бастығының арнайы бекіткен жоспары негізінде жұмыстар атқаруда.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ІІО имиджін арттыру, арнайы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан оқушыларды түзеу және оңалту мақсатында Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен ауылында орналасқан «ШҚО ерекше режимдегі арнайы мектеп интернатының» 11-18 жас аралығындағы оқушыларын және басқа да футбол командаларының шақырумен Көкпекті ауылындағы орталық стадионда шағын-футболдан кездесу-жарыс өткізілді. Жарыста жүлделі орын алған командалар, әсіресе мектеп-интернатының 2-ші орын алған футбол командасын Көкпекты АІІБ бастығы полиция полковнигі Камзин Руслан Қабдықалықұлы бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Г.Нұрғалиева, Көкпекті АІІБ бастығының орынбасары

полиция майоры

 

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз