Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осыдан бірнеше жыл бұрын халық игілігіне «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген «Көкпекті аудандық орталық ауруханасы»  денсаулық сақтау саласының жеткен жетістіктерінің бірі. Заман талабына сай соны технологиялармен жабдықталған орталық аудандық аурухана бүгінде ел қуанышына айналған. Елбасы тапсырмасына орай қазірде денсаулық сақтау саласын нығайтып, одан әрі жетілдіруге айырықша көңіл бөлініп отырғаны да сондықтан. Осы орайда, ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданының орталық ауруханасында болып, медициналық мекеменің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне зер салған едік. 

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың, 19 мамыр күні Көкпекті орта мектебінің спорт залында жасөспірімдер арасында NOMAD MMA бойынша облыстық ашық чемпионаты өтті. Жарысқа облыстың 4 ауданы және Семей қаласынан  спортшылар қатысты.

Толығырақ...

Сәуірдің 24-30 күндері аралығында елімізде иммунизация апталығы өтті. Осыған орай ағымдағы жылдың, 28 сәуір күні Көкпекті ауданының орталық ауруханасында бүкіләлемдік иммунизация апталығы аясында «Екпе егу! Баланың қауіпсіздігі - ата-аналардың қамқорлығында» атты конференция өтті.
Жиынға аудандағы денсаулық сақтау саласы мамандары мен мекеме ұйымдары қа-тысты. Шараның бас-ты мақсаты – халықтың вакцина мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру болып отыр. Себебі, кейбір ата-ана діни көзқарасы бойынша екпе алуды қажет деп таппайды.
Елді елеңдетіп отыр-ған мәселенің бірі – екпе (вакцина). Бұл – балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін егіледі. Өкінішке қарай, екпе егуге қарсы ата-аналар көбейді. Денсаулық сақтау қызметкерлері болса, баланың өмірін ұзарту үшін қолданатын екпенің зияны жоқ екенін айтып, шырылдап бағуда. Мамандардың пікірі, екпесіз ұлттың ертеңі бұлыңғыр дегенге саяды.

Толығырақ...

Жұқпалы аурулардың белгілі бір түрлерінің алдын алу үшін екпе жасау тиімді әдіс болып табылады. 70-жылдардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен нағыз шешекке қарсы екпе жасау әлем бойынша шешектің толығымен жойылуына әкелді. Қазіргі уақытта Европа аумағында, соның ішінде Қазақстанда полиомиелит сияқты жұқпалы ауру түрі жойылды. Республикамызда қызылша, қызамық және туа біткен қызамық синдромын жою бойынша бағдарламалар дайындалды. 1998 жылдан бастап вирусты гепатитке қарсы, 2005 жылдан бастап қызамыққа қарсы, 2008 жылдан бастап гемофильді-инфекцияға қарсы вакцинация енгізілді.

Толығырақ...

Көкпекті ауылындағы «Шуақты шұғыла» балабақшасында «Көңілді старт» спорттық-отбасылық сайыс болды. Аталмыш спорттық шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.
Спорттық шараға мұрындық болып жүрген балабақшаның дене шынықтыру нұсқаушысы Ф.Әділханова. Сайысқа балабақшаның «Балапан» және «Айгөлек» топтары бүлдіршіндері өз аналарымен қатысты. Олар Сармановтар, Салықовтар, Рахметовтар, Ахметовтар, Мұкашевтар, Елеусізовтар, Килыбаевтар, Жұмашевтар. Қатысушылар өз отбасының төсбелгісімен біркелкі формасымен ерекшеленді. Спорттық сайыс барысында «Бәйге», «Теңге алу», «Арқан тарту» атты қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Спорттық шара 9 кезең бойынша өтіп, ең мықтылар озып шықты.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз