Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының денсау-лық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасы және Бүкіләлемдік құтыру ауруымен күрес күні қарсаңындағы айлық аясында «Тұрғындар арасында құтырудың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейтуді» жүзеге асыру мақсатында аудандық орталық аурухананың акт залында «Құтырудың алдын алу» тақырыбында конференция өтті.

Толығырақ...

«Денсаулық - зор байлық» атты фестиваль ұйымдастырылды. Сарыбел ауылдық округі әкімшілігі мен Ново-Тимофеевка орта мектеп мұғалімдері арасында арқан тартудан, футбол жарыстарынан және басқа да әртүрлі спорт сайыстары аса қызықты әрі тартысты өтті. Сондай-ақ, бұл спорттық шараларға оқушылар да атсалысты. Қашықтыққа жүгіруден алдына жан салмаған желаяқтар анықталып, 1-2 орындарға құттықтау грамоталары табысталды. Денсаулық күні көңілді де қызықты өтіп, ауыл тұрғындары бір сергіп қалды.


М.Тайф, Сарыбел ауылы

Бас ауырып, балтыр сыздай қалса, алдымен жүгінетініміз «жедел жәрдем» қызметі. Шақырту түсе салысымен олар көмекті қажет ететін мекен-жайдан табылуға асығады. Медицинаның ең шұғыл түрдегі қызметі болып табылатын осы жандар жиі сынға  ұшырап жататын кездері де болып тұрады. Дегенмен, «жедел жәрдем» жұмысының қаншалықты жауапты, әрі қиын екенін біле бермейді екенбіз. Оны олармен болған бір күнде анық сезінгендей болдық. Осы сала мамандарының қауырт жұмыстарын көру мақсатында арнайы бір күнімізді бөліп, әр адамның денсаулығы үшін арпалысқан жедел-жәрдем қызметкерлерінің қасында жүрдік. Олардың жанкешті әрі маңызы жоғары еңбектерінің куәсі болдық, ой түйдік.

ҮЛКЕН ЖҮЙЕНІҢ БІР БӨЛІГІ
2011 жылдың наурыз айында тұрғындарға жоғары сападағы ме-дициналық көмек көрсету мақсатында аудандық ауруханада барлық құралдар мен медициналық техникалармен жабдықталған жан сақтау бөлімі ашылған. Дәл осы жерде көршілес «жедел жәрдем» бөлімі орналасқан. Екі бөлімде жас болса да білікті де тәжірибелі анестезиолог- реаниматолог дәрігер Сәбит Жалбағаев меңгерушілік етеді. «Жедел жәрдем» бөлімі 10 адам жұмыс істейтін 4 құрамнан тұрады. Атап айтар болсақ, 4 фельдшер, 4 жүргізуші, қабылдау бөлімінің медбикесі мен санитарлық қызметкер. Бір күн күндізгі және түнгі екі ауысымнан тұрады. Әр фельдшерге бір жүргізуші бекітілген. Бөлімшеде дефибриллятор, портативті оттегі, зембіл сияқты бірқатар қажетті жабдықтар бар. Фельдшерлердің қораптарында керекті дәрі-дәрмектер бар, олар үнемі жаңартылып отырады. – Біздің ұжымның жауапкершілік сезімі барлығынан жоғары тұрады. Әрқайсы үлкен жүйенің ажырамас бір бөлігі тәрізді жедел әрі бірігіп жұмыс істейді. Себебі біздің құтқаруға асығатынымыз ең құнды байлық – адам өмірі, - дейді Сәбит Жолдасбекұлы.

Толығырақ...

Еліміздің басты капиталы – адам десек, онда оның денсаулығының құны мен қадірі қандайлық екені біз айтпасақ та түсінікті. Барлық байлықтан артық басты байлығыңыз осы денсаулық. Ал денсаулық сақтау ісіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енуі, бұл жаңа заман ұсынып отырған басты талаптардың бірі. Медициналық сақтандырудың аудан бойынша қалай жүзеге асырыла бастағаны жөнінде бізге орталық аудандық аурухананың Бас дәрігерінің м.а. Әсем Рахимбаева әңгімелеп берді.

Толығырақ...

Елбасының Қазақстан халқына Жолда-уында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау болып табылады. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол – әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз