Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ елі үшін ағымдағы жылғы бірқатар атаулы күндермен қатар, мән-маңызы жағынан беделі жоғары тағы бір күн бар. Ол — ұлттық валютамыз теңгенің айналымға енген күні. Иә, 1993 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, 15 қараша күні теңге ресми айналымға енген болатын. Ал 1997 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Биыл төл теңгеміздің 24 жылдық мерейлі мерекесі. Төл ақшаның айналымға енуі жас мемлекеттің экономикалық әлеуетінің артуын қамтамасыз етті. Төл теңгенің туған күні Көкпекті ауданында да атаусыз қалмады. Қараша айының 19 жұлдызында ұлттық валюта күні және қаржыгерлер мерекесіне арналған шара Көкпекті орта мектебінің спорт залында өткізілді. Оған аудандағы бөлімдердің құралған 7 спорттық командалар қатысты. Атап айта кететін болсақ, Көкпекті ауданы кірістер басқармасы, Қазыналық бөлім, ауданның қаржы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі, Самар ауылдық округі, білім беру және спорт, денешынықтыру бөлімі, Көкпекті ауылдық округі, жеке бөлімдерден құралған «Богатыр» командасы бақ сынасты.
Спорттық жарыс басталмас бұрын аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова құттықтау лебізін білдірді:
- Осы уақыт аралығында біздің ұлттық валюта әртүрлі сындардан өтті, бірақ соған қарамастан, біздің экономикалық модель қабілеттілігін көрсетті. Қаржы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бүгін біз ұлттық валютаның қолданысқа енген күнін атап өтудеміз. Аталған күнді еліміздің қаржы саласын нығайтуда белгілі жетістіктер, толағай табыстармен және тәжірибемен қарсы алғанын атап өткім келеді. Қаржы саласы қызметкерлерінің жемісті еңбегінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – бюджет кірістерінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Мемлекеттік жүйенің маңызды бөлігін дамыту мақсатында аянбай еңбек етіп, алға қойған жоспарларды іске асыруға атсалыстыңыздар. Қаржыгерлердің жоғарғы білімі мен әлеуеті еліміздің қаржы игілігін қамтамасыз етуге келешекте де ықпал етеді деп сенемін. Ауданымыздағы жоғарғы кәсіби сауатты, жауапты қаржы саласы қызметкерлерінің сіңірген еңбегі өте зор, – деді.
Сонымен қатар, Алмагүл Жанахметқызы аудан басшысының алғыс хатымен қаржы саласына маңдай тері сіңген бір топ қаржыгерлерді марапаттады. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Тайғұлов және бас маман програмисі Жанар Бейсекенова, қаржы экономика және бюджетті жос-парлау бөлімінің басшысы Гаухар Смағұлова, М.Баденова, О.Фролова, А.Молдыбаева, Б.Базарқұлова, А.Смағұлова, Б.Тілебердина, З.Омарова, Д.Жұмажанова, А.Маханова, Н.Гигель, Г.Ағымбаева, Б.Шагиева, Н.Слепнева, Б.Қабдуллина, Д.Сүлейменов, Қ.Темірбеков, Ж.Сүюндікова.
Мерекелік құттықтау сөзін арнаған қоғамдық кеңестің төрағасы С.Мұқашев: - Құрметті қар-жы саласының ардагерлері! Осы айтулы күні сіздер құрметке лайық еңбектеріңіз үшін алғы-сымды білдіремін. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық және бақыт пен табыс тілеймін, – деген тілек білдірді.
Спорттық жарысты команда аралық әртүрлі сайыстар өтіп, додаға түскен 7 команданың ішінен ең мықтылары топты жарып шықты. Әділқазылардың шешімімен 1 орынды қаржы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің «Финики» командасы, Қазыналық бөлімнің «Хранители казны» 2 орын алса, 3 орын Мемлекеттік кірістер басқармасын 3 орынды місе тұтты. Ал, қалған командарларға да қатысқандары үшін сыйлықтар табысталды.
Қорытындылай келе, қаржыгерлердің жұ-мыстары келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге және кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызарына сенімдіміз. Мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбасы бақытын, қаржылық қызметте тұрақтылық, ашық аспан мен ел тыныштығын тілейміз.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз