Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының денсау-лық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасы және Бүкіләлемдік құтыру ауруымен күрес күні қарсаңындағы айлық аясында «Тұрғындар арасында құтырудың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейтуді» жүзеге асыру мақсатында аудандық орталық аурухананың акт залында «Құтырудың алдын алу» тақырыбында конференция өтті.


Конференцияға қоғамдық ұйымдар, ауылдық округ әкімшіліктері, дәрігерлер, аудандағы жеке бөлімдер және БАҚ өкілдеріқатысты. Өкінішке орай, аудан тұрғындардың денсаулығы мен өмірі үшін маңызы жоғары жиынға, бұл мәселеге немқұрайлылық танытып, Көкпекті округінен басқа ешбірауыл әкімдері қатыспады.
Құтыру ауруы - бұл вируспен шақырылатын ауру. Бұл – құтыру ауруымен ауыратын жануар тістеп алған немесе тырналғаннан кейін және хайуанның ауру сілекейі жаралаған терігенемесе шырышты қабыққа тигенде пайда болады. Жұқпалы аурудың ордасы үй малдары және жабайы аңдар болады (қасқырлар, түлкілер, кеміргіштер, борсықтар, иттер, мысықтар).
Ауру хайуандарда сілекейдің шұбыра беруі байқалады. Тістеп алғаннан кейін аурудың өршу мерзімі 30-50 күн шамасында. Ауру жалпы әлсіреумен басталып, тістеп алған жерінде ауырсыну, күю, қышу, ашуланшақтық, алаңдаушылық, судан қорқу белгілері пайда болады (Сусынды ішу кезінде немесе судың аққан дыбысын естігенде және көргенде тамақтың, жұтқыншақтың бұлшық еттері қысылады). Адам өте ашуланшақ болып, есі ауысып, сал болу, сіңір тартылуы бас-талып, адам тұншығып барып, жүрегі тоқтайды.Адамды хайуан тістеп алған кезде тез арада емханаға көріну керек. Хайуанды өлтіруге, жоюға болмайды, себебі мал дәрігерлік қызметкерлер 10 күн ішінде құтыру ауруының бар-жоғын анықтау үшін керек.Құтыру ауруының алдын алу хайуанаттардың құтыру ауруымен күресуге бағытталған.
Осы және республика, облыс бойынша 2016-2017 жылдардың эпидемиялық жағдайы, Көкпекті ауданы бойынша жануарлар арасындағы құтыру ауруының деңгейі, жалпы аурудың белгілері, оны емдеу, алдын алу жөнінде ОАА адамдәрігерлері, ААИ маманы және «Мал дәрігері» бөлімінің дәрігері өз баяндамаларында жан-жақты етіп түсіндіріп берді. Конференция барысында тақырыптың мағынасын ашып, оның қаншалықты қауіпті екенінкөрсетілген бейнебаяндар толықтырып отырды.
Жиынға қатысып отырған аудандық қоғамдық Кеңестің төрағасы С.Мұқашев және басқа да қатысушылар үй хайуандарына алдын ала екпе жасату және қаңғыбас иттер мен мысықтарға абай болу, оларды уақытылы аулау және көзін жою төңірегінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Құтыру ауруына байланыс-ты айлық кезінде білім орындарында, ұжымдарда, халық көп жиналатын жиындар мен аудандық әкімшілікте өтетін жос-парлы отырыстарда жиі мәселе көтеру қажеттілігі сөз болды.
Тәуелсіз еліміздің болашағы жар-қын, экономикалық және әлеуметтік даму қарқыны қалыпты болуы – оның азаматтарының денсаулығына тікелей байланысты екені баршамызға аян. Ендеше, осындай мәселелерге зор жауапкершілікпен қараған орынды.
Өзіңіздің және жақыныңыздың ден-саулығына мұқият болыңыз!


Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз