Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

ЕЛГЕ ЕЛЕУЛI ҚЫЗМЕТ ІСТЕЙТІН ЕМХАНА

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдар-ламасында атап көрсетілгеніндей, біздің болашаққа бастаған жолымыз халықтың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар қалыптасуы керек. Елбасы тапсырмасына орай қазірде денсаулық сақтау саласын нығайтып, одан әрі жетілдіруге айырықша көңіл бөлініп отырғаны да сондықтан. Осы орайда, ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданының орталық ауруханасында болып, медициналық мекеменің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне зер салған едік.

Толығырақ...

Бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасы – Тәуелсіз Қазақстанда әртүрлі спорт түрлері дамып келеді. Соның ішінде қоян-қолтық күрес түрі біздің еліміздің Қарағанды қаласында алғаш қалыптасқан. Ал әлем бойынша 2010 жылы тіркелген. Жылдан жылға дамып, міне, біздің ауылға да келіп жетті.

Толығырақ...

Мемлекет басшысы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы заң жобасына қол қойды. Бұл жүйе 2017 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізілмек. Бүгінде ел халқын толғандырып отырған өзекті мәселелердің бірі – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы. Бұл жаңа жүйенің халық үшін түсініксіз тұстары да аз емес.
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні аудандық аурухана мен емхананың мәжіліс залында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру және насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірме жиыны болып өтті. Жиынға Шығыс Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспан-серінің бас дәрігері Рысбике Мұстафақызы Жаманбалинова және Еңбекті әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаментінің ШҚО бойынша басшысы Ләйлә Бекешқызы Гребенщикова,

Толығырақ...

Ол туралы пресс-конференцияда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлімдеді.
«Емхана – ол кез келген медициналық көмек алу үшін «кіреберіс қақпа» болып табылады. Шын мәнінде қайда тіркелгеніңізді тексеру – сіз үшін маңызды. Себебі, азаматтардың басқа қалада, ауданда тұрып, өзге өңірлерде тіркелетін жағдайлары жиі кездеседі. Мұндайда медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындауы мүмкін. Осыған байланыс-ты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек», – деді Лязат Ақтаева.

Толығырақ...

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», - деп тауып айтқан дана халқымыздың ескертуі тегін болмаса керек. Ал осы айтылған қанатты сөздерді бүгінгі таңда, ең алдымен, аса қатерлі дерт – туберкулезге байланыс-ты қолдануға болады. Туберкулез – қатерлі, жұқпалы ауру болып қалуда. Тұрғындардың еңбекке жарамдылығын жоғалтып, өлім жағдайларына апарып соғуына байланысты мемлекетке үлкен зардабын тигізуде.
Өткен аптада Қ.Алтынбаев атындағы мә-дениет үйінде Бүкіләлемдік туберкулезге қар-сы күрес күні аясында, «Туберкулез ауруына «жоқ» де!» тақырыбында кеңейтілген конференция болып өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қалдыбаев, Көкпекті орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Ә.Рахимбаева, «ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚО ТҚҚ департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының» РММ басшысы Г.Абдрасулова және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, «НұрОтан» партиясының өкілдері қатысты.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз