Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздің басты капиталы – адам десек, онда оның денсаулығының құны мен қадірі қандайлық екені біз айтпасақ та түсінікті. Барлық байлықтан артық басты байлығыңыз осы денсаулық. Ал денсаулық сақтау ісіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енуі, бұл жаңа заман ұсынып отырған басты талаптардың бірі. Медициналық сақтандырудың аудан бойынша қалай жүзеге асырыла бастағаны жөнінде бізге орталық аудандық аурухананың Бас дәрігерінің м.а. Әсем Рахимбаева әңгімелеп берді.


- Бұл тиімді жүйе, өйткені бұған дейін бүкіл ауруларға шығатын шығынды тек мемлекет өтесе, енді қаржыландыру жағы халықтың өзінен болғандықтан, олар өз денсаулығына өзі жауапты болады. Сонымен қатар, қаржы-ландыру жақсарғаннан кейін ауруханаларға қосымша құрал-жабдықтар алу, дәрігерлердің жалақысын көтеру мүмкіндігі туады. Осылардың нәтижесінде, медициналық мекемелердің арасында бәсекелестік пайда болып, көрсетілетін қызметтердің сапасы да артатын болады. Қорда жиналатын қаражат емделетін әр азаматқа тікелей бағытталатынын ескерсек, қазақстандықтардың денсаулығын жақсарта түсуге септігі тиетіні анық. Демек, жүйенің артықшылығы ретінде азаматтардың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру көзделіп отырғаны біз үшін үлкен олжа деуге негіз бар, - деді Әсем Төлеуғазықызы.
Сақтандыру аясында ем алу үшін әр тұрғын емханада тіркеуде тұруы керек екенін тілге тиек ете келе, әңгімесін одан әрі жалғастырған бас дәрігердің м.а. бұл бағытта жүргізілген жұмыстарды тізбеледі. Ә.Рахимбаеваның айтуы бойынша, жалпы Көкпекті ОАА 14056 тұрғынға қызмет көрсетеді, оның 9984 ересек, 4072 балалар. Аурухана басшылығы ауылдық округтердің әкімдерімен келісе отырып, 1755 адамды қамтыған 17 кездесулер өткізді. Оған - 166 медициналық қызметкер, 589 бюджет саласының жұмысшылары, қоғамдық және кәсіподақ ұйымдарынан – 37, кәсіпкерлерден 472, шаруа қожалықтарынан – 81, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 254, зейнеткерлер мен жұмыссыздардан 156 адам қатысты. Кездесулер барысында мамандар МӘМС жүйесі, оған тұрғындарды тіркеу жайында түсіндірді. Сәуір айынан «Өз мекемеңе тіркел!» акциясы бастау алды. Бүгінгі күнге Көкпектіде ОАА-ға 196 адам қайта келіп, өтініш жазу арқылы тіркелді.
Аурухананың статистика бөлімінің мәліметі бойынша аудан көлемінде жұмыс істейтін - 8936 адам, жұмыссыз– 6942, өзін-өзі жұмыспен қамтитын – 184, балалар – 4072, көпбалалы ана – 21, мүмкіндігі шектеулі жандар – 52, бала туу және бала күтіміндегі демалыста отырғандар – 68, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер мен бала күтіміндегілер – 68, зейнеткерлер - 358 адам қазіргі таңда тіркелген.

Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз