Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізде жыл сайын “Денсаулық жолы” атты кең ауқымды акция өткізіледі. Аталған шараның мақсаты халыққа аурулардың алдын алу және оның пайда болу қаупін азайту жөнінде медициналық және ақпараттық көмек беру. Ағымдағы айдың 8 жұлдызында Самар қарттар мен мүгедектерге арналған мекеменің 3 бөлімшесінде Денсаулық күніне арналған спорттық сайыс өткізілді. Көңілді әуенмен басталған шара сергіту жаттығуларымен жалғасын тапты. Мекеме қызметкерлері мен көмек алушылар 100 метр қашықтыққа жүгіруге қатысты. Жастарының үлкендігіне қарамай жүгірген қарттардың жүздерінен жақсы бір көңіл күй лебі сезіліп тұрды. Қатысушылар шахмат ойындарында да белсенділіктерін танытты. Бұл спорттық шара қатысушыларға жақсы да қызықты әсер қалдырды.

Ш.Ч.Курсакова,
Самар әлеуметтік мекемесі

«Бала адамзат тіршілігінің мәні мен мазмұны» демекші Үлкенбөкен ауылында балалар күнінің қарсаңында қыздар арасында волейболдан турнир өтті. Бұл спорттық шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаған жарысты округ әкімі Н.Назарханов пен Самар ЖӨСМ директоры Е.Нұхаев ашты. Ауылымыздың құрметті азаматшасы А.Нұрғожина жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Турнирге аудан бойынша барлығы 7 команда қатысты. Самар спорт мектебі, Көкпекті орта мектебі және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп, Үлкенбөкен, Шәріптоғай, Преоброженка орта

Толығырақ...

Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бас-тап жанкүйерлер арасында ережесіз жекпе-жекке деген қызығушылық артты. Бертін келе аты шулы аламан аралас жекпе-жек деп атала бастады. Арыстан жүректі нағыз жігіттердің алапат айқасы кім-кімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Спорттың бұл түрінің болмысы мен аудандағы бүгінгі жай-күйіне қаныққыңыз келсе, Халықаралық дәрежедегі судья, спорт шеберіне үміткер, бүгінгі күні Көкпекті орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі Руслан Жүнісовтың әңгімесіне құлақ түріңіз.

Толығырақ...

2016 жылдың 15 наурызында «ҚРҰ экономика Министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ШҚО Тұтынушы-лардың құқықтарын қорғау департаментінің Көкпекті ау-дандық тұтынушылардың құқық-тарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Антибиотикті ас мәзірінен жою!» деген ұранмен Бүкіләлемдік Тұтынушылар құ-қығын қорғау күніне арналған жиын өткізілді.
Отан» партиясы Көкпекті ау-дандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева, Көкпекті аудандық Білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.Фахрутдинова және Көкпекті, Теректі, Көкжайық, Белое орта мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері шақырылды.

Толығырақ...

Ауданымызда таэквон-до спорты қарыштап дамып келеді. Бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жетіп, талай жарыстарда биіктерді бағындырып жүрген жас таэквон-дошылар жеңісі соның айғағы іспетті. Жақында тағы бір жемісті жеңістерінің куәсі болдық. Аталмыш спорт түрінен Алматы қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып, бақтарын сынаған көкпектілік жас таэквон-дошылар қоржындарын қомдап оралды. 18 мемлекеттен, атап айтсақ Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Монғолия, Корея, Пәкістан т.б. елдерден келіп күш сынасқан 700-ге тарта балғындар бас қосқан додада топ жарған жерлестеріміз расында да мақтауға тұрарлық. Бұл додаға ауданымыздың таэквон-до тарландары А.Котляревская 1 орын алса, Р.Байсақалов, З.Еркебұлан, Ә.Ақышев 3 орынды жеңіп алып қана қоймай, бұл жарыста барын салып бағып, намысты қолдан бермеуге тырысты. Сондықтан да олардың алар асулары әлі алда, келешектерінен мол үміт күтеміз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз