Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің төл мерекесі тойланады. Бұл күн ақ желеңді абзал жандардың өз еңбектерін саралап, жеткен табыстары мен алға қойылған міндеттерді айқындайтын күні. Көк-пекті аудандық орталық ауруханасы қызметкерлері де мерекені жоғарғы деңгейде атап өтті. Кәсіподақ кеңесінің қолдауымен бұл шара 16 маусымда өтті. Арнайы ұйымдастырылған кеште аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттар табыстап, құттықтау лебізін білдірді.


- Ардақты ақ халатты абзал жандар! Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін», - деді Клара Рафикқызы. Аудан әкімінің алғыс хатына Мейрамгүл Тарбағатайқызы, Гүлден Еркінқызы, Бағиза Ешенғазықызы, Жанат Ғазизқызы ие болды. Мерекелік кеш кәсіподақ кеңесінің ұйымдастырған құттықтауларымен жал-ғасты.
Біз де өз тарапымыздан адам жанына араша түсіп, халық денсаулығын сақтау жолында тер төгіп жүрген, барлық сырқаттың сырын ашып, өмірге шуақ шашқан дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Әрқашан ақ желеңдеріңізді кір шалмай, ел алғысына бөлене беріңіздер!


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз