Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

06 Маусым 2016

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ - БАЛАЛАРҒА

Тассай ауылындағы клуб үйінде «Бақытты балалық» партиялық жобасы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған көңілді концерттік іс-шара өткізілді. 

Шара барысында ауылдағы бүл-діршіннен бастап жоғарғы сынып оқушылары «Жас өркен» атты өнер фестиваліне белсене қатысты. Жинал-ған қауым, ата-аналар асфальтқа салынған «Менің Отаным - Қазақстан» атты сурет байқауының куәгері болды. Сурет салуда жүлделі орынды Зейнолла Мади, Айдосқызы Анель, Айдынқызы Аружан, Асанова Айсұлу мен Нұрәлі иеленді, ерекше көзге түскен балалар Отан, Достық, Ана деген сөздерін үш тілде еркін жазып, мазмұнды бейнелей білді.

Read more

РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті мұсылман бауырлар, көк-пектіліктер! Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Рамазан - он екі айдың сұлтаны, бе-рекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тір-шілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлылық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамды асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Адамның иманы күшейген сайын арсыздықтан арыла бастайды. Рамазан Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтын есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген ай. Бұл - Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі.

Read more

ПУСТЬ ВСЕГДА БУДУТ СЧАСТЛИВЫ НАШИ ДЕТИ!

Праздник, посвященный детям, приходит к нам в первый день лета, когда шумят зеленые леса, поют на все лады птицы, ярко светит солнце в огромном голубом небе, расцветают летние цветы, весело кружатся над ними шмели и пчелы, сверкают над хрустальными ручейками прозрачные крылья стрекоз.

Read more

ӘРҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН,

Жаздың алғашқы күніне сәйкес келетін мереке – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мерекені тек балалар ғана емес, олардың ата-аналары, аталары мен әжелері бірге атап өтеді. Самар ауылындағы орталық алаңға жиналған адамдардың ішінде бала саны жылдағыдан да көп болды. Мерекелік бағдарлама да алдыңғы жылдағыларын қайталамайтын, кереметтей тартымды, қызықты екен. Екі сайқымазақ, маймыл Микки, мысық Алиса және Буратино балалардың көңілін таба білді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз