Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылындағы клуб үйінде «Бақытты балалық» партиялық жобасы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған көңілді концерттік іс-шара өткізілді. 

Шара барысында ауылдағы бүл-діршіннен бастап жоғарғы сынып оқушылары «Жас өркен» атты өнер фестиваліне белсене қатысты. Жинал-ған қауым, ата-аналар асфальтқа салынған «Менің Отаным - Қазақстан» атты сурет байқауының куәгері болды. Сурет салуда жүлделі орынды Зейнолла Мади, Айдосқызы Анель, Айдынқызы Аружан, Асанова Айсұлу мен Нұрәлі иеленді, ерекше көзге түскен балалар Отан, Достық, Ана деген сөздерін үш тілде еркін жазып, мазмұнды бейнелей білді.


Клуб үйіндегі ән, би, тапқырлық пен ептілік сайыстарында бүлдіршін Айзере Ізғұтты, Үшкөмейлік өрендер Калиакпарова Арна, Маратбек Кәусар.Заманауи би тобы, Ақ көгершін, Джентельмен, Ер-ке қыздар КВН командасы.
Мақсұт Ислам мен Жібектер орындаған билер мен әндер көрермендер көңілінен шықты. «Достар» тобының өнеріне риза болған ата-аналар 2 «б» сыныбының жетекшісі (Мадыбекова ) “Джентельмен” биі мен орысша «Частушкалары», «Папа подари...» әніне ерекше қошемет көрсетті.
Мектепте соңғы жылдары Жайдармен тобы «Ерке қыздар тобы», «Еске сақта» көңілді тап-қырлар тобы (жетекшілер Б.Байгереев, М.Ка-пасова) сахна сәнін келтіруде, аталған топ мүшелері аудандық сайыста да жүлделі орындарға ие болуда.
Шараны жүргізген, шебер ұйым-дастыра білетін ауылдағы көркемдік жетекші Шынар Тұрсынғалиқызы мен клуб меңгеруші Катрен Қапсадықұлы, музыка маманы, әнші Гүлнар Советқызы, кітапханашы Алмагүл Кеңес-бекқызының еңбектерін атап өтуге тұрарлық.
Концерттік бағдарлама соңы бөбектердің кө-ңілді ойыны «Кім жылдам?» сайысына ұласты.
Шараның көңілді, ойдағыдай өтуіне ауылы-мыздағы абзал ана, кәсіпкер, партия ардагері Қудагелдина Рыс Көбенқызының «Нұр Отан» партия ұйымы атынан көрсеткен демеушілік көмегі зор болды. Өнерлі өрендерге сыйлықтар (доп, шахмат, сағат, айна, ойыншық, қораптар мен сылдырмақтар)ұсынған Рыс апайға балалар риза болды. Жүлделі орындарға ауыл әкімінің марапат қағазы мен алғыс хаты табыс етілді.
Республикалық акцияның жалғасы ретінде жақын арада бір топ оқушылар Берел, Катон-қарағай, Өскемен мен Жидебай сапарына дайындық үстінде.

С.Чалова,
Нұр Отан бастауыш партия ұйымының төрайымы, Тассай ауылы

 

Теректі

«Бар жақсылық – балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. Бұл ұранның әлі күнге дейін мәнін жоймағандығын және ең басты ұранымыз болып қала беретінін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында: «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын» - дей отырып,өз сөзінде әр бала құқығы қорғалатынын қадап айтып өтті.
«Әке- асқар тау,
Ана – ағып жатқан бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ» - деген мақал тегін айтылмаған. Бұл үш сөзден (әке,ана,бала) – отбасы деген кіші мемлекеттің бір бөлігі шығады. Ата-ана отбасының тірегі болса, бала – еліміздің болашағы. Осындай мыңдаған отбасынан үлкен мемлекет құралады. Ал, отбасы - бұл мемлекеттің бір бөлігі.
Қазіргі таңда мемлекетімізде қандай өзгерістер болса да, Қазақстан үшін жаңа саяси бағыттағы ең маңыздысы – ана мен баланы қорғау болып табылады. Қазақстан – күннен-күнге дамып келе жатқан қазіргі заманғы мемлекет. Сондықтан да еліміздің келешегі болашақ ұрпақтың толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Осы орайда «Балапан» бағдарламасы, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Осындай жас ұрпаққа жасалынып жатқан ауқымды шараларға біздің мектеп ұжымының қосып жатқан үлесі де зор. Біздің мектеп мұғалімдері шәкірттерімізді жаңа заманға сай, білімді де білікті, жан-жақты дамыған, қазіргі заман техникасымен қаруланған, өз қадамына сенімді жеке тұлға тәрбиелеуде тынбай ізденіп келеді.
Ертеңгі ел болашағы- жас бүлдіршіндер ба-қытты өмір сүруде. Ата-аналар жазғы демалыста балаларын қайда демалысқа жіберуге басы қатады. Осындайда мектебіміздің ұйым-дастырылған «Шуақты» лагері оқушылардың көңілді де қызықты демалуларына септігін тигізеді. Ата-аналардың көңілі де орнына түседі. Жазғы каникулға шыққан бүлдіршіндер лагерде әр түрлі танымдық, тәлімдік ойындарға қатысып, көңілді демалыстарды бастан кешіреді, саяхат жа-сайды, спорттық ісшараларға қатысып денелерін шынықтырады. Осындай қызыққа толы кіршіксіз балалық шақ - әр сәбидің көңілін толтырып, өмірін жадырататыны айдан анық.
Бұндай ісшара балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалмағандығының дәлелі болмақ. 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлық бүлдіршіндерге ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, жүздеріне әрқашан сыңғырлаған күлкі тілеймін!


Ж.Сейтқазы,
Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі,
Теректі ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз