Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 Маусым 2016

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ

Кәсіби мереке қарсаңында Самар ауылындағы спорт модулінде ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлерінің арасында спорттың бірнеше түрін қамтыған спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты – Елбасының әр жылғы Жолдауларында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты одан әрі дамыту, мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, достық қарым-қатынасты нығайту және облыстық спартакиадаға іріктеу жүргізу болды. Спорт додасына Палатцы, Сарыбел, Мариногорка, Самар, Миролюбовка, Құлынжон және Үлкенбөкен, Бастаушы,Теректі ауылдық округтерінің, сонымен бірге аудан әкімі аппаратының, дербес бөлімдер – ішкі саясат, қазынашылық, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және қаржы, статистика бөлімдерінің мамандары қатысты.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз