Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

23 Маусым 2016

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Билікке деген сенім мемлекеттік қызметкерден басталады. Ол халық пен билік арасындағы дәнекерге айналып, заманауи қоғамдағы талаптарды шешуге бейім болуы тиіс. Сондықтан, мемлекеттік қызметті таңдаған адамдар зор құрметке лайық. Өйткені, олардың мойнында халқымыздың бүгінгі ахуалы мен болашағының тағдыры міндеттелген.

Read more

Құрметті Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ішкі істер органдары қоғамдық құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз. Қызметіне деген адалдық, рух беріктігі және жауапкершілік полиция қызметкерлерін әр уақытта даралап келген. Олардың мәртебесін көтеретін – қабылдаған антқа деген адалдықтан бөлек, Отанға деген патриоттық сезімнің жоғарылығы.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз