Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Бала адамзат тіршілігінің мәні мен мазмұны» демекші Үлкенбөкен ауылында балалар күнінің қарсаңында қыздар арасында волейболдан турнир өтті. Бұл спорттық шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаған жарысты округ әкімі Н.Назарханов пен Самар ЖӨСМ директоры Е.Нұхаев ашты. Ауылымыздың құрметті азаматшасы А.Нұрғожина жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Турнирге аудан бойынша барлығы 7 команда қатысты. Самар спорт мектебі, Көкпекті орта мектебі және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп, Үлкенбөкен, Шәріптоғай, Преоброженка орта

мектептерінен келген командалар өздерінің жақсы дайындықтарын көрсете білді. 1 жүлделі орынды – Самар жасөспірімдер спорт мектебі иеленді, ал 2 орынды Үлкенбөкен, 3 орынды Көкпекті құрама командалары еншіледі. Жеңімпаздарды әр жақтан келген жаттықтырушылар құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған турнирді ұйымдастырып, оның өз деңгейінде өтуіне атсалысқандар Самар ЖӨСМ жаттықтырушысы Дәурен Оспанов және Үлкенбөкен ауылдық округінің апаратты мен мектеп ұжымы. Демеушілік көрсеткен барша ауыл жастарына, К.С.Хощянов, Г.Е.Нұрғожин, А.К.Сағандықова, Ш.Камерия, Н.Ү.Назарханов сияқты азаматтарға алғыс білдіреміз.
К. Баймолдина,
Үлкенбөкен ауылының клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз