Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігінің 25 жылдығы аясында Қ.Ау-хадиев орта мектебінде аудандық шаңғы жарысы болып өтті. Жарысқа ауданның жеті командасы, яғни 1998-1999 жылы, 2000-2001 жылы, 2002-2003 жылы туған оқушылар қатысты. Жарыс қорытындысында 2002-2003 жылғы қыздар арасында 1 км қашық-тыққа шаңғы тебуден I-орын А.Тер-лекпаева (Куйбышев мектебі), II-орын А.Канапиянова (Үлкенбөкен ом) III-орын Д.Мұхамедрахимова (Қ.Аухадиев атындағы ом), ал ұлдар арасында 1,5 км-ден I-орын Е.Оралғазин (Маяковский атындағы ом), II-орын М.Каусов (Романовка негізгі мектеп), III-орын Д.Манарбеков (Үлкенбөкен ом ) қол жеткізді.
2000-2001 жылғы қыздар арасында I-орын А.Арғынова (Қ.Аухадиев атындағы ом) II-орын Н.Бекзатова (Үлкенбөкен ом), III-орын Ә.Нұқанова (Үлкенбөкен ом), ұлдар арасында 2 км қашықтықта I-орын Ш.Мейірбаев Қ.Аухадиев атындағы ом), II-орын М.Қожакеев (Маяковский атындағы ом), III-орын Е.Есмұхамбетов (Маяковский атындағы ом) иеленді.
1998-1999 жылғы қыздар арасында 2 км-ден I-орын Б.Ануар (Қ.Аухадиев атындағы ом) II-орын Е.Тусупова ( Қ.Аухадиев атындағы ом), III-орын К.Мустафинова (Үлкенбөкен ом), ал ұлдар арасында I-орын Ж.Ахметов (Үлкенбөкен ом), II-орын Ш.Мейірбаев (Қ.Аухадиев атындағы ом), III-орын М.Каусов (Романовка негізгі мектеп) ие болды Жарыстың жалпы есеп қорытындысы бойынша, I-орын Қ.Аухадиев атындағы ом, II-орын Үлкенбөкен ом, III-орын Маяковский атындағы орта мектептері қанжығалады. Осындай салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу барысында өткен спорттық ойындар әлі де жалғасын табатыны сөзсіз.
М.Тоқтарбаев,
дене шынықтыру пән мұғалімі,
А.Даирбекова,
Жас Ұлан ұйымының тәлімгері

20 ақпан күні Құлынжон ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылып шаңғы жарысы өтті. Бұл жарысқа Амангелді, Казнаковка, Палатцы, Болғанбаев атындағы, №1 Самар орта мектебінің, Көкжота және Пантелеймоновка негізгі мектептерінің оқушылары қатысты.Командалық есеп бойынша орындар былай бөлінді : 1 орын – Амангелді орта мектебі. 2 орын – Палатцы орта мектебі, 3 орын – Казнаковка орта мектебі
1998-1999 жылы туылған ұлдар арасындағы 3 километрге сырға-науда ұлдар арасында 1 орынды Б.Нұрланбекұлы (Амангелді ОМ), 2 орынды С.Бірлік (Амангелді ОМ),3 орынды Е.Дюсенбай (Ж.Болғанбаев атындағы ОМ) алды. Ал қыздар арасында 1 орынға А.Жұмабекова (Амангелді ОМ), 2 орынға А.Советханова (Амангелді ОМ),3 орынға А.Исенова( Казнаковка ОМ) ие болды.
2001-2000 жылы туылған ұлдар арасында 2 км қашықтықта ұлдар арасында 1 орынды Амангелді орта мектебінің оқушысы Қайрат Ақыт алды, екінші орынға палатцылық Р.Маулетханов, үшінші орынға осы мектептің оқушысы А.Василенко тұрақтады. Қыздар арасында 1,5 км қашықтықта жүлделі екі орынды Амангелді орта мектебінің оқушылары Г.Тоқтарбекова мен Ш.Жарқын өзара бөлісті, ал үшінші орында Казнаковка орта мектебінен Т.Серікбол. 2002-2003 туған ұлдар арасында 1,5 км қашықтықта 1 орынды С.Жеңісбек (Амангелді ОМ), екінші орынды Д.Маулетханов (Палатцы ОМ), 3 орынды О.Жетпісбеков (Амангелді ОМ), осы жастағы қыздар 1 км қашықтықта жарысты, олардың арасында тағы да көкжыралық екі оқушы үздік шықты, олар Қ.Қуаныш пен Ж.Жексенбаева, көкжоталық А.Қалибекова үшінші орынға қол жеткізді.
Р.Малғажина,
ауылдық округ әкімі
аппаратының бас маманы

Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасында «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық жолы 2016 – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Отырысқа аурухана қызметкерлері де қатысты. Алғашқы сөзді бас дәрігердің орынбасары А.Рахимбаева алды.
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» атты денсаулықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, оны ауданның емдеу мекемелері жүзеге асыра бастағанын бәріміз жақсы білеміз. Бағдарламаны әзірлеуге ел Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылдың 1-ші ақпанындағы № 922 «2020 жылға дейінгі ҚР-ның стратегиялық дамуы» Жарлығы, 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауы, «100 нақты қадам» - Ұлттық жоспары, Елбасымыздың 30 қараша 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы себеп болды» - деді бас дәрігердің орынбасары.

Толығырақ...

Самар ауылындағы «Ауданаралық аурухана» КМК ШЖҚ 3-ақпан күні «Денсаулығың өз қолыңда» атты акция аясында «Қан қысымын тексер» шарасын өткізді.
- «Ашық есік күні» түске дейін ғана 60-тан астам адам біздің алдымыздан өтті. Біз олардың қан қысымын ғана өлшеп қоймай, Кетле индексі бойынша көрсеткіштерін де тексердік, яғни бойын, салмағын өлшедік, - дейді бұл шараны өткізуге жауапты медбикелер М.Игілікова мен Ж.Нұрышева.Тексерілгендер арасында қан қысымы қалыпты адамдармен қатар, қысымдары 180-200–ге дейін көтеріліп тұрғандар да бар болып шыққан. Оларға дәрігер шақыртылып, дәрігердің тағайындауымен дәрі егіліп, ба-қылауға алынды.
Бір сәттік үзілістерін пайдаланып біз де қан қысымын өлшеттік, медбикелерді жұмыс орнында суретке түсірдік. «Көпшілік адамдар газет бетінен хабарландыруды оқып келдік», - деді.
Сондықтан да біз аудандық газет те бұл акцияға үлес қосып отыр деп санаймыз», - дейді медицина қызметкерлері.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Тұмау күн райының өзгерісіне қарай пайда болатын ауру түрі. Қазіргі күні біздің елімізде, оның ішінде біздің ауданда тұмауға байланысты ауруханаларда карантин, яғни шектеу жарияланған. Самар ауылындағы ауданаралық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Өртбайұлы Саңқайбаевпен бүгінгі күнгі ахуал туралы әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
-Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. Influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгілейді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады.
Жалпы тұмау жүретін уақыт қаңтар-ақпан айлары. Қазіргі күн райының өзгерістеріне байланысты тұрғындар арасында тұмау ауруы өршіп тұр. Олардың көпшілігі — балалар. Дәл бүгінгі түнде жедел жәрдем шақырылған 7 үйде де дене қызуы көтерілген ЖРВИ-ға шалдыққан балалар болған. Оларға дәрігерлер үйлеріне барып ем тағайындап, бақылауға алды. Қазіргі күні ауруханада тұмауы асқынған 7 науқас емделуде. Күн сайын облыстық вирусологияға мәлімет беріп, науқастардан алынған сынама жіберіліп тұрады. Жіберілген 20 сынама бойынша Н-1,N-1 вирусы нақтыланбады. Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша 15 оқиға тіркелсе, оның 14-і Өскемен, біреуі Шемонайха қаласында анықталған.
Медицина қызметкерлері бүгінде 1012 үйді аралап, 2051 адамның денсаулығын тексерді, 78 науқас бала анықталды. Есепте тұратын 86 жүкті әйел бақылауға алынды, олардың арасында тұмауға шалдыққандар жоқ. Үйлерді аралау жұмыстарын барлық ауылдардағы медициналық қызметкерлер атқаруда. Қазан-қараша айларында өңірдің медицина қызметкерлерін жинап дәріс-сабақтар өткізілді, сондай сабақ қаңтар айының 27 – күні тағы да қайталанды. Күзде барлық медицина қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егілді. Тәуекел топқа тіркелген 3145 адамға тегін және ақылы 100 адамға да екпе егілді. СӨС кабинеті мен дәрігері тұрғындар арасында тұмау мен ЖРВИ аурулары туралы ақпараттық жұмыстар жүргізді.
Тұмауды таратпаудың бірден – бір жолы науқас адамды оқшаулау болып табылады. Осы орайда емханада сүзгі (фильтр) кабинет жабдықталған. Ауруханаға өз аяғымен келген науқас адам жалпы емханаға жіберілмей, осы «сүзгі» кабинеттте қаралады. Мұнда оларды дәрігер қабылдап, тиісті ем тағайындайды. Қазір бұл жұмысты И.Байзақова атқарып отыр. Сол жерде сынама да алынады. Сондай-ақ, жедел жәрдемнен басқа 31-153 нөмірлі «шұғыл телефон» жұмыс істейді, бұл «сенім телефоны» да болып табылады. Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін бұл телефон арқылы өздеріне қажетті ақпаратты алуға болады.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз