Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бас-тап жанкүйерлер арасында ережесіз жекпе-жекке деген қызығушылық артты. Бертін келе аты шулы аламан аралас жекпе-жек деп атала бастады. Арыстан жүректі нағыз жігіттердің алапат айқасы кім-кімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Спорттың бұл түрінің болмысы мен аудандағы бүгінгі жай-күйіне қаныққыңыз келсе, Халықаралық дәрежедегі судья, спорт шеберіне үміткер, бүгінгі күні Көкпекті орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі Руслан Жүнісовтың әңгімесіне құлақ түріңіз.


- Әлбетте, аралас жекпе-жектің тарихы терең. Ол бастауын ежелгі Грекиядан алады десек те болады. Ал қазақ даласына қашан келді дегенге тоқталар болсақ, бұл - біздің ата-бабамыздың ұлы өнері. Нағыз сайдың тасындай серкелер анықталар ойын түрі болған. Сонымен қатар, батыр бабаларымыз жаугершілік заманда қарсыласын жекпе-жекке шақырып, ерлерше егесіп, бір пәтуаға келген.
Аралас жекпе-жек кеше ғана пайда болған өнер емес. Ол - өшкеннің жанғаны, өлгеннің тірілгені. Тек заман ағымына сай түрленіп, дамыған бағзы спорт түрі. Мұны батыстық не жапондық сарқыншақ емес, дала, баба өнері деп қабылдаған жөн. Аралас жекпе-жек деп аты айтып тұрғандай, мұнда тебуге, ұруға, талдыруға, буындыруға болады. Аралас жекпе-жекке айкидо, дзюдо, самбо, джиу-джитсу, шығыс және ұлттық жекпе-жек кіреді. Қазақстандағы аралас жекпе-жекті дамыған деп айта алмаймыз, даму үстінде. Жалпы, ауданда аталмыш өнердің туын тігуге туған жер ұғымы түрткі болды.
2008 жылы Семей педколледжін, соңынан ҚазГЮИУ жоғары оқу орынын спорт және туризм мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды Самар аумағындағы Белое мектебінде бастап, 2010 жылдан Көкпекті мектебінде жалғастырудамын. Осы жерде аралас жекпе-жек секциясын ашып, жиыны 30 шақты шәкірттер тәрбиелей бастадым Облыстық, республикалық және Халықаралық жарыстардың чемпиондары атағын алған Д.Маликов, Д.Кондрашина, Ә.Махабеков, Е.Ермеков секілді шәкірттеріммен бүкіл Қазақстанды аралап келеміз. Балалардың аралас жекпе-жектен дәріс алуға бетбұрғаны, бұл спорттың көпшілік қолдауына ие екенін байқатады. Жалпы, алты жас - аралас жекпе-жекке ең қолайлы сәт. Бұл жас - баланың нұсқауды дұрыс көрсетсең - дұрыс, қате көрсетсең - қате қайталайтын нағыз қағылез кезі.
Аралас жекпе-жектің берері не? Бірінші - сенім. Ең бастысы, адамның өзіне деген сенімі. Іштегі үрейді үмітке жеңдіруді үйренеді. Үміт сөнбеген жерде өмір бар. Демек, өмірге деген құштарлық. Екінші – денсаулық. Үшіншіден, жаны мен тәні сау адам - ең бай адам.
Аралас жекпе-жекте жеңіске жету үшін, оны жіті игеру үшін ниет, спортқа деген құлшыныс, құштарлық, ақыл мен күштің айлалы әрекеті керек. Жүрек түкпіріндегі қорқыныш сезімінен ада болу қажет. Ең басты пайдасы, бұл спорт көшеде жақсы мен жаманның ара жігін ажырата алмай жүрген жеткіншектерді тура жолға бастайды. Арақ, темекі, наша сынды зардабы басым зиянды әдеттерден арылтады, - дейді Руслан Нұрланұлы.
Спортты жанына серік етіп, ата-аналардың алғысына бөленіп жүрген жас бапкерге шәкірттеріңіз тұғырлы жеңістерден көріне берсін деген тілекпен қоштастық.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз