Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізде жыл сайын “Денсаулық жолы” атты кең ауқымды акция өткізіледі. Аталған шараның мақсаты халыққа аурулардың алдын алу және оның пайда болу қаупін азайту жөнінде медициналық және ақпараттық көмек беру. Ағымдағы айдың 8 жұлдызында Самар қарттар мен мүгедектерге арналған мекеменің 3 бөлімшесінде Денсаулық күніне арналған спорттық сайыс өткізілді. Көңілді әуенмен басталған шара сергіту жаттығуларымен жалғасын тапты. Мекеме қызметкерлері мен көмек алушылар 100 метр қашықтыққа жүгіруге қатысты. Жастарының үлкендігіне қарамай жүгірген қарттардың жүздерінен жақсы бір көңіл күй лебі сезіліп тұрды. Қатысушылар шахмат ойындарында да белсенділіктерін танытты. Бұл спорттық шара қатысушыларға жақсы да қызықты әсер қалдырды.

Ш.Ч.Курсакова,
Самар әлеуметтік мекемесі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз