Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Денсаулықтан бағалы еш нәрсе жоқ. Бұл тек әр адамның ғана бақыты емес, қоғамның көрсеткіші, сол үшін де адам баласы медицина қызметкерлерінен тәніне ғана емес, жанына да шипа, мейірім, ықылас күтеді. Медицина қызметкері мамандығы осындай қасиеттен тұру керек. Гиппократ антын беріп, олар адамды қиын жағдайда қалдырмай, қиындықты жеңуге көмектесіп, уақытпен санаспай науқастарға жәрдемдеседі. Маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Тәуелсіздік алған жылдары қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі түбірлі қайта құрудан өтті, ол бүгін де жалғасуда. Елімізде бұл жүйе оңтайландырылып жатыр. Экономиканың едәуір өсуі бұл саланы қаржыландырып, әрі қарай дамуына жағдай жасады. Көкпекті ауданында да денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлінуде.

Уақыт өткен сайын емханалардың бел ауырып, балтыры сыздағандарға дер кезінде көмек беруі былай тұрсын, ондағы ақ халатты абзал жандардың біліктілігі, науқас адамға деген аялы қамқорлығы қашанда қажет-ақ. Осындай абыройлы міндетті жете түсінген ұжымның бірі – Көкпекті орталық аудандық ауруханасы. Осы аптаның соңы – ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі. Оларды құттықтай отырып, Көкпекті ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері Райфа Сафиоллақызын әңгімеге тартқан едік. Бас дәрігер Райфа Сафиоллақызы қазіргі таңдағы аурухананың тыныс-тіршілігін, тілге тиек етті.

- Біздің ауруханада аудан тұрғындарының заманауи жаңа медициналық жәрдем қабылдап жатқандығы бізді қуантады. Көкпекті орталық аудандық ауруханасы аудан халқына мамандандырылған стационарлық медициналық көмек көрсететін бірден бір емдеу орыны. Аурухана типтік жобада салынған 3 қабатты ғимаратта орналасқан.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету аурухана қызметінің мақсаты болып табылады. Аурухана өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс әкімдігінің денсаулық сақтау саласындағы актілерге, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Біздің мекеме Шығыс Қазақстан облысы аудандарындағы алдыңғы қатарлы ауруханалар санатына жатады, тұрғындарға диагностикалық және стационарлық сапалы медициналық жәрдем көрсетеді. Ұжымда бірінші және жоғары санатты, білікті білімді дәрігерлер жұмыс атқаруда. Атап айтсақ, көп жылдық еңбек өтілімімен жастардың ақылшылары аға буын жоғары санатты дәрігерлер Қ.Ахмерова, М.Мұсабеков, аға медбике Р.Мұсабекова және медицина саласының зейнеткерлері Ә.Нұрғожина, С.Уалиева, Р.Калиева есімдерінің орны бөлек. Ал, жаңадан келген жас мамандар Гүлден Оразаева (Теректі) және Шынар Игенбаева (Үлгілімалшы) бар, олардың үнемі біліктілігін көтеруі мен нығайтуына үлкен көңіл бөлінуде. Адамның бар құндылығы – оның денсаулығы. Біздің негізгі мақсатымыз – пациентті емдеу ғана емес, сонымен қатар, оны өмірге толық қайтару. Уақтылы мамандандырылған жәрдем алу үшін біз Сіздерді алдын-алу тексерістеріне және біздің мамандардың қабылдауларына шақырамыз!», - деді бас дәрігер.

Сонымен қатар, Райфа Сафиоллақызы мереке қарсаңындағы жағымды жаңалықтарымен бөлісті. Жуықта ауруханаға үш УАЗ автокөлігі беріліп, науқас жандарға қол ұшын тез беруге бірден-бір көмек екенін қадап айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» негізінде Тассай ауылына күрделі жөндеу және Ажа ауылындағы медициналық бөлімшесіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабардар етті. Бас дәрігер өз сөзінде: «Жаңа туған нәрестеден бастап еңкейген қарттың түнде тыныш ұйықтауына да алаңдайтын нәзік жүрек пен аялы алақан иелерінің арқасында соңғы жылдары аудан тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері едәуір жақсарды. Оның ішінде өмір сүру ұзақтығы ұзарды. Тұрғындар арасында өлім-жітім көрсеткіштері, аналар мен балалар өлімі азайды. Туберкулез, ішек аурулары, жүрек-қан тамыр ауруларының көрсеткіштері төмендеді», - деп  қорытындылады.

Жүсіп Баласағұн бабамыз бірде былай деген екен: «Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды. Біріншісі – қайырымды ісі. Екіншісі – мейірімге толы сөзі». Бабамыздың осы сөзі сандаған науқастарды шипалы емі, жылы сөзімен емдеуші жандар  -  дәрігер.

Расында да, халыққа медициналық мінсіз қызмет көрсету жүйесінде өз қолтаңбасын қалдырып, оның кешенді моделін ұсынып жатса, бұл ауызбірлігі жарасқан ұжым мен оның жігерлі де алғыр басшысының тікелей еңбегі. Ал, төгілген тер, жұмсаған еңбек қашанда еленіп, тиісті марапатын табатынына біз де риясыз көз жеткіздік.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз