Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасының Қазақстан халқына Жолда-уында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау болып табылады. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол – әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.


Көкпекті орталық аудандық ауруханада «Есірткінің алдын алу» тақырыбында кеңейтілген конференция өтті. Шараға аудандық Жас-тар орталығы, ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі бас маманы, аурухана қызметкерлері қатысты. Жастар арасында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты, нашақорлықтың, есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
Жиында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» дәрігері Ольга Дериглазова, аудандық аурухананың дәрігер-наркологы Б.Изгитунов нашақорлықтың адам ағзасына тигізер зияны туралы әңгімеледі. Ольга Владимировна салауатты өмір салтын ұстану, есірткіден ада болу – жарқын болашақтың кепілі екенін айтты. Сонымен қатар, аурухананың психолог-дәрігері А.Мұқатаева және Көкпекті ауылдық округінің бас маманы М.Құмарова да сөз алып, атқарылған жұмыстары туралы баяндап берді. Нашақорлықтың соңы орны толмас өкінішке апаратыны суреттелген бейнефильмі де жұртшылықты бейжай қалдырмады.
Нашақорлық - еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен Қазақстанның болашағы үшінтабанды түрде аянбай күресуіміз керек.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз