Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

19 Шілде 2017

ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ КӨҢІЛДІ КЕЗЕҢ

2012 жылдың жазында Новостройка ауылында ауданымыздың барша бүлдіршіндерінің қуанышын еселеп, Миролюбовка ауылы орта мектебінің негізінде ашылған «Балауса-2» балажайы бүгінгі күнде де демалушы балалардың көңіліндегісін тауып, олардың жаздың күндерін жарқын сәттермен өткізулері үшін белсенді жұмыс жасап отыр. Айымыз оңынан туып, біз Ертегілер әлеміне арналған сахналандырылған көріністер шарасының үстінен түстік. 3 топқа бөлінген балалар барлығына таныс, сүйікті ертегілерін жаңа ағымға сай өзгертіп, назарға ұсынуда екен. Барлығымен бірге сүйсіне қошеметтеп отырып, олардың ойының ұшқырлығына, кейіпкерлерін сомдаудағы дарындылықтарына таңдай қақтық. Бұл шара балажайда өткізілген жалғыз мереке емес. Оны бізге шаттықтарын жасырмаған балалар таласа-тармаса өздері айтып берді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз