Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 19-22 маусым аралығында Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Респуб-ликасы чемпионаты өтті.

Республикалық спорт додасында Шығыс Қазақстан облысы атынан спортшы жерлесіміз Дидар Тұқышев 60 келі салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, қанжығасы майланып қайтты. Қостанайда өткен тартысты күресте бойындағы бар күш-қайратын, батылдығы мен жоғарғы даярлығын көрсеткен жас ұлан аудан намысын қолдан бермей, жүлделі І орынды иеленді. Жеңісті оғланның атақты тәлімгері Дәурен Данабеков.
Спортшы чемпионатта 60 келі салмақ дәрежесінде Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Астана қалаларының палуандарымен белдесіп, ақтық сында Қарағандылық спортшыны жер қақтырды.


Чемпионат қорытындысы бойынша Дидарға спорт шебері атағы беріліп, Қазақстан Республикасы чемпионаты медалі мен дипломы табысталды. Үлкенбөкендік Дидар бүгінде Преображенка орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет жасайды. Қыркүйек айында өтетін жарысқа дайындық үстіндегі Дидарға жеңісті күндерің көп болсын! дегіміз келеді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз