Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Уақытпен санаспай барлық жерде халыққа адал еңбек ететін, ақ халатты абзал жандар - медицина қызметкерлері екені белгілі.

Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара болды. Мерекелік шарада денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлерді мерейлі мерекелерімен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин құттықтап, сала үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.

-Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.

Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз- деген тілегімді білдіремін.

Ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосып, қажырлы еңбек етіп жүрген тұлғалар Р.Мұсабекова, Қ.Ахмерова, С.Назарбаева, Ш.Далбина, О.Тоғаспаев, А.Қалиоллаева, Г.Галиева, А.Күміспаева, А.Елеусізов, А.Ақшабарова, Ж.Ақшалова, Р.Генатуллин, Ж.Рахманова, Н.Антипина, Н.Оспанова, А.Қайсанова, С.Нұралинова, К.Серғазинова, Г.Өмірзақова, Б.Тоқтағазинов аудан әкімінің алғыс хатымен маратталды. Ал клиникалы-диагностикалық емханасының меңгерушісі Нұрлан Аубакиров және аудандық аурухананың офтальмолог дәрігері Мұхаметхан Мұсабеков «медицина саласының үздігі» төсбелгілері берілді.

 

Сырқатына ем, жанына дәру іздегендер дәрігердің көмегіне жүгінері хақ. Бұл мереке - жаны қиналғанға жанашыр болып, дауа іздегеннің көңіліне демеу болған жандардың ерен еңбегі бағаланатын күн.

Бағалау, марапаттау, құрметтеу бір күнмен тоқтамаса керек. Өйткені, олар тәулік бойы, жылына 365 күн тыным таппастан адамзатқа қызмет қылуда. Олар өмір мен өлімнің тайталасына түскен жандарға екінші мәрте жарық күн сыйлар жандар. Дәрігерлік қызмет көрсететін абзал жандарға аурухана ардагерлерінің атынан Жанат Халлиулина ауданаралық аурухананың зейнеткер қызметкері Надежда Антипова әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады.

Мереке Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі әртістері дайындаған концертке ұласты.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз