Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» ән байқауының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Ән байқауына қызмет алушы тәрбиешісімен 7 жұп қатысты. Балаларды белсенді шығармашылыққа тарту байқаудың басты мақсаты болып табылды. Талантты орындаушыларды анықтап, келесі мәреге жіберілетін жеңімпаздар іріктелді. Өздерінің өнерлерін сахна төрінде паш еткен сайысқа қатысушылар көңілді, қызықты нөмірлер ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Семей қаласында өтетін келесі кезеңге Тлеухан Сәлімжанов өз тәлімгері Лариса Титовамен және Ыдрышева Аяулым мен Арай Айдарғазина өтті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді.


Сондай-ақ, тамыздың 15 күні осы мекеме қызметкерлерінің арасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған волейболдан жарыс өтті. Көкпекті орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Серікжан Серікпаев Серікжан жарыстың қорытындысын шығарып: 3- орынды «Бәйтерек» тобына, 2- орынды «Тұлпар» тобына, 1- орынды «Спартак» тобына тағайындады.
Мереке соңында «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Райхангүл Баймолдина сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттады.

Ж.Нұрсапаев, әлеуметтік қызметкер

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз