Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

31 Тамыз 2018

31 Тамыз 2018

Мемлекеттік тілдің жағымды бейнесін қалыптастыру

Мемлекеттік тілдің жағымды бейнесін қалыптастыру деген тіркес бар. Жағымды сөз тілімізге жарасып тұрған жоқ. Оны көркем бейнесін деп өзгерткен ләзім. Өйткені, қазақ тілі әлемдегі әрі шешен, әрі көркем тілдердің біріне жатады. Елбасымыз, «Қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш жігерімізді салуымыз керек» деп ұран тастап отыр. Енді осыны іліп әкетіп, көрінетін жердің бәріне неге ілмеске, неге оны қару етпеске. Соны тілге тиек ете отырып, тиісті жерлерде талап етейік. Қазақ тілін білуді алдымен қазақтардың өздерінен қатаң талап етейік. Сөзге келетін жерде тастамайық. Мемлекеттік тіл қазақ тілі дегенімізбен орыс тілінің қолданылу аясы өте үлкен екендігі өзімізге белгілі. Мемлекеттік жиындар әлі күнге дейін көрші мемлекеттің тілінде жүргізіледі. Ата- бабасында өзге ұлттың бір қасық қаны жоқ қазақ шенеуніктерінің өз ана тілінде сөйлеуді қорсынып, орыс тілінде жосылтатынын күнде көріп жүрміз.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз