Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті спортында кейінгі он жыл таэквандо күресі жақсы дамып, белсенді белең алып келеді. Палуандарымыз әлемдік, халықаралық республикалық жарыстарда жүлдені жұлып, бәйгесін басып алып жүрген жастар.
Көкпекті ауданы орталығы Көкпекті ауылындағы Спорт кешенің күрес залында жаттығу толастар емес. 2019 жылы жабылып қалған аудандық спорт бөлімін қайтадан ашқан аудан әкімі Асхат Смаиловтың спортқа деген қамқорлығы ерекше көрінуде.

Толығырақ...

Бүгінде еліміз бойынша 1-қазан – халықаралық Қарттар күнінде аға буын өкілдеріне құрмет көрсету игі дәстүрге айналған. Бұл үрдістен Көкпекті ауылында орналасқан арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы да кенде қалып көрген емес. «Дария кеуде тау мүсін» деп ақындар жырға қосқандай, арамызда жүрген осы бір жандарға арнап орталықта «Қартқа бізден, құрмет бар» атты мерекелік кеш болды.

Толығырақ...

Мамай ауылындағы Амангелді орта мектебіңде 17 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасы мен мектеп арасындағы байланыс, отбасының берекесін, спорттық белсенділігін нығайту мақсатында аудандық аймақтық «Үлкен ел-үлкен отбасы» тақырыбында отбасылық-спорттық сайыс өтті.

Толығырақ...

14 қарашада Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасында 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық » мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өз мәртебеңді біл!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы кезекті Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатынын атап өтті.
Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді делінген болатын.
Цифрландыру – уақыт талабы. Мұны Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да арқау етті. Қазақстан да цифрландыру бағдарламасын бекітіп, қоғамның барлық бағытына цифрландыруды енгізе бастады. Мұндай игілікті медицина саласынан да көре бастадық. Соның бір айғағы – «Даму-мед» мобильді қосымшасы.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз