Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлкенбөкен ауылында орталық алаңда орналасқан хоккей қорабының мұз айдынында жыл сайын хоккейден жарыстар өткізіледі. «Үлкенбөкен мектеп - балабақша кешені» КММ ұстазы білікті жаттықтырушы Есет Тукушов қыс басталысымен, хоккей қорабының барлық жұмыстарын атқарып жүрген азаматтың ұйымдастыруымен 27 қаңтарда шайбалы хоккейден ардагерлер мен жасөспірімдер арасында жарыс өтті.

 

Жарысқа үш команда қатысты.Жарма ауданының Бақыршық ауылынан келген құрама команда, Теректі және Үлкенбөкен командалары өзара бақ сынасты. Спорттық іс шараның ашылу салтанатында мектебіміздің ардагер ұстазы Б.Растрига, Тассай ауылынын келген қонағымыз Серік Каримов, Бақыршық ауылының жаттықтырушысы құттықтау сөз сөйлеп қатысушыларға өздерінің лебіздерін білдіріп сәттілік тіледі. Біздің ауылымыздың ардагер хоккейшілері Нұрлан Егеубаев, Ербол Сағындықов, Иван Болтовский өздерінің мұз айдынында қанша жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген ойыншылар. Бүгінгі өтіп жатқан жарысқа өз үлестерін қосып, өсіп келе жатқан ұрпаққа өнеге беретін үлгі тұтар азаматтар. Ойын сондай тартысты және қызыққа толы өтті. Шиеленіскен ойында Бақыршық ауылынан келген командадан басым түсіп, жүлделі І орынды Үлкенбөкендіктер қанжығаларына байлады. ІІ орынды Бақыршық, үшінші орынды Теректіліктер алды. Жарыс өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Жеңімпаздарға мадақтамалар табыс етілді. Елбасымыздың жолдауына айтылғандай, болашағымыз осы жастарымыздың қолыңда және биылғы жыл жастар жылы деп жарияланды. Туған ауылымыздың даңқын асқақтататын жас өрендеріміз көп болсын ағайын!

 

Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз