Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

13 ақпан күні Көкпекті орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай футболдан жарыс өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Аян Халиульдин, Ауған соғысының ардагері Ерлан Жұмажанов қатысты. 

Жарыстың салтанатты бөлімін аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов құттықтау сөзбен ашты. Одан әрі спортшылар мен қонақтарға Ауған соғысының ардагері Е.Жұмажанов сөз сөйледі. Спорттық іс-шара бағдарламасымен қатысушыларды № 1 БЖСМ жаттықтырушысы А. Нұрмұхамбетов таныстырды. Латиф Фахрутдинов атындағы әскери-спорт клубының курсанты Нұрәлі Алдажұманов Ауған соғысы ардагерлеріне арнап «Соғыс» әнін арнады.
12 ақпанда Қазақстан Ауған соғысының ардагері, КСРО Армиясының Бас штабы ГРУ барлау арнайы жасағының 177-ші жасағының командирі, халық Қара майор ретінде білетін отставкадағы полковник Борис Керимбаев қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар жетті. Оны және жас өмірлерін қиған барлық ауғандықтарды жарысқа қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.


Жарыстың ұйымдастырушысы дене шынықтыру және спорт бөлімі болып табылады.Жарысқа 12 команда қатысты. Олар: Самар ауылдық округінің құрамасы, АЭЖ, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Көкпекті ауданының ОАА, Егінбұлақ, Көкпекті орта мектебі, №58 өрт сөндіру бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Тассай және Көкжайық, Жастар және Заречка ауылдарының командалары.
Ауған соғысы ардагерлеріне өз шеберліктері мен шымырлықтарын дәлелдей алған фавориттер де анықталды. Жарыс қортынысы бойынша үшінші орынға Егінбұлақ командасы, екінші орынға Көкпекті орта мектебінің футболшылары ие болды. Бірінші орынды Заречка командасы иеленді.
Сонымен қатар, өз кезегінде үздік ойын көрсете білген футболшылар да жекелей аталымдар бойынша марапатталды. Жарыстың үздік қақпашысы Көкпекті орта мектебінің ойыншысы Шыңғыс Шалбаев болды. «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша Самар ауылдық округі құрамасының футболшысы Сергей Ариковке тең келер ешкім болмады. Үздік шабуылшы болып жеңімпаз команданың ойыншысы Олжас Сұлтанов танылды.
Жүлделі орындарға ие болған спортшылар мен командалар бағалы сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз