Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.
Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.
Қалай жұғады?
Тұмаудың жұқтыру көзі ауру адам және тек сирек жағдайларда ғана шошқалар мен құстар сияқты кейбір жануарлар болып табылады.
Тұмау ауа - тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан айналада ауру жұқтырылған "бұлт" пайда болады. Бұларды жұту – сау адамның ағзасына тұмау вирусының ену жолы.
Тұмаудың белгілері қандай?


Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймыз.Жасырын, инкубациялық кезең – 5 - 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады:
Тұмау, мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты аурудың бастапқы белгілері. Әлсіздік, сырқырап ауыру.
Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба тән.
Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте - бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.
Тұмаудың асқынулары
Тұмау – өздігінен жағымсыз ауру, дегенмен оның иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде дамитын асқынулары өте қауіпті.
Бронх қабынуы: ауру басталғаннан кейінгі бір аптаның ішінде жөтел басыла қоймайды, көп мөлшерде іріңді (сары, жасыл, сұр) қақырық бөлінеді.
Пневмония – вируспен зақымдалған шырышты қабық арқылы кірген бактериялардың салдарынан туындаған өкпе тінінің қабынуы. Сырқат азапты жөтелмен, науқастың жалпы жағдайының нашарлауымен, температурасының көтерілуімен сипатталады. Кейде пневмонияның өліммен аяқталатын аса ауыр түрі дамуы мүмкін.
Менингит және энцефалит – ми мен ми қабығының ауыр қабыну аурулары. Ауру көбінесе балаларға тән – ересектерде мұндай асқынулар өте сирек дамиды. Менингит пен энцефалит өте ауыр өтеді, қарқынды емдеуді қажет етеді және қайғылы аяқталауы да мүмкін.
Селкілдек ұстамалар – орталық жүйке жүйесінің зақымдануының белгісі болуы мүмкін. Галлюцинациялы психоздар – ми қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауыр интоксикацияның белгісі болып табылады.
Тұмаудың белгілері кезіндегі жасалатын іс шаралар
Тұмаудың белгілері біліне бастағанда жұмысқа, оқу орындарына барудың қажеті жоқ, науқас баланы балабақша, мектеп, мәдени- көпшілік іс- шараларға жібермеңіздер. Егер Сіз тұмау немесе ЖРВИ- мен ауырған болсаңыз барлық ауырған кезеңде және ауру белгілерін шешкеннен кейін 24 сағат бойы үйде қалыңыз,төсек режимін сақтаңыз, бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдетіңіз, мұрыннан су аққанда , жөтелгенде,медициналық демперде киіп, оны әрбір 4 сағат сайын ауыстырып отырыңыз, сусын,шай , шырын түрінде көп ішіңіз,жеке бас тазалағын сақтаңыз. Барынша басқа отбасы мүшелеріне жақындамауға тырысыңыз. Бұл Сіз басқа адамдарға жұқтырмау және одан әрі вирусты жұқпаны таратпау үшін қажет.
Сіз емхана бөліміне қаралуды шешсеніз, міндетті түрде кезексіз көмек көрсетіп ем тағайындайтын фильтр кабинетіне өтуініз қажет
Егер Сіздің дене қызуыңыз 38- 39° жоғары көтерілсе, үйге учаскелік дәрігерді шақырыңыз. Демікпе, екінші рет құсу, сіңір тарту, естен айырылу пайда болған кезде 103 телефоны бойынша "жедел жәрдем" бригадасын дереу шақырту қажет
Спецификалы емес профилактика :
ЖРВИ-мен ауырған науқас адамдардан аулақ болыңыз;
Адамдар жаппай жиналатын орындарға бармаңыз;
Ғимаратты үнемі желдетіп, ылғалдандырып сүртіп отырыңыз;
Жөтелу және түшкіру тәртібін сақтаңыз;
- жөтелгенде немесе түшкіргінде аузыңыз бен мұрныңызды орамалмен\майлық болмаса жабыңыз;
- қолыңызда орамал\майлық болмаса алақанға емес , шынтақтың бүгілген жеріне жөтелуге әдеттеніңіз, себебі алақанмен ауызды үйреншікті жабу , инфекцияның қол мен күнделікті пайдаланатын заттар арқылы таралуына себеп болады;
- қолданылған орамал\ майлықтарды қоқысқа арналған себетке тастаңыз;
- қолыңызды сабындап, жылы сумен жуыңыз , қолды тазалауға арналған құрамында спирті бар құралды пайдаланыңыз және қолды ерінге, мұрын мен көзге тигізбеуге тырысыңыз;
- жөтеліп жүрген адамдарға айналадағыларға жұқтыру қаупін төмендету мақсатында медициналық демперде тағу керек
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз:
- күніне кемінде 30 минут жеткілікті дене белсенділігімен айналысыңыз
-көп ауқытыңызды таза ауада өткізіңіз, серуендеңіз, жүгіріңіз, велосипед тебіңіз;
- күн тәртібін соның ішінде толыққанды ұйықыны сақтаңыз;
- ақуыз, дәрумендер мен минералды заттектерге бай азық-түліктерді тұтыныңыз;
- күйзеліспен күресуге үйреніңіз;
- алкогольдік ішімдік пен темекіні тұтынудан бас тартыңыз;

М.Тойшыбаева,
Көкпекті орталық аудандық ауруханасының
жұқпалы аурулар дәрігері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз