Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында Кеңес Одағының Батыры Қойгелді Аухадиевтің еске алуға арналған футзал турнирі мәресіне жетті. Биыл бесінші мәрте өткізіліп отырған бұл турнир биыл қомақты қаржылай қолдауымен ерекшеленді. Батыр ұрпақтары 7 айға созылған турнирдің қомақты жүлде қорын қамтамасыз етті. Қараша айында өткен жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Асхат Смаилов өз атынан арнайы қаржылай жүлде де тағайындаған еді.
Турнир жеңімпаздарын марапаттау салтанатында сөз алған батыр ұрпағы Ерлан Қойгелдин бұл мемориалдың спорттық рухты көтеріп, жігерді тасытқаннан басқа, жұртты салауатты тұрмыс салтына баулу тәрізді насихаттық бағыты да бар екеніне назар аударды. Жастардың тартысты ойынын тамашалауға аудан әкімінің орынбасарлары Марат Теміржанов пен Дәурен Қойгелдин, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев, жастар орталығының директоры Азамат Халық, мәслихат депутаттары мен футбол жанкүйерлері көптеп жиналды.


Көкпекті орта мектебінің спорт залында өткен жарыстың қорытындысы бойынша алаң иелері жеңімпаз атанды. Шынғыз Шалбаев, Руслан Жүнісов, Ерзат Баяхметов бастаған Көкпекті орта мектебінің құрамасы Қойгелді Аухадиевті еске алуға арналған футзал турнирінің чемпиондары. Аудан құрамасының белді ойыншыларынан құралған «Нейтрал» командасы ІІ орынға жайғасты. Айта кетерлігі, бұл жігіттер былтырғы жылы жарыстың бас жүлдесін олжалаған еді. Жүлделі ІІІ орынды аудандық «Жұлдыз – Новая жизнь» газетінің құрамасы қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубок және медальдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге, турнирге қатысқан басқа да құрамалардың барлығы марапаттау қағазы және қаржылай сыйлыққа ие болды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз