Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып жаңа оқу жылын тың күшпен бастаулары үшін қолайлы уақыт. Әрбір бала жанға жайлы, демалысты қызықты өткізуді армандайды. Осы ретте Мойылды және Новостройка ауылдарындағы спорттық-сауықтыру балажайлары үлкен тəжірибеге ие. «Балауса – Көкпекті 3», «Балауса – Көкпекті 2» балажайлары өз жұмысын маусым айының 16 бастаған болатын. Қазір олар соңғы бесінші маусымын аяқтады. Аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жазғы каникуль кезінде аудан бойынша 3806 бала жазғы балажайларда демалды.
Білім бөлімінің әдіскері Динара Садвақасованы әңгімеге тартқан едік.
Білім бөлімінің әдіскері Динара Садвақасованың айтуынша, биылғы жылы демалыс, сауықтыру және жазғы маусымда лагерь жұмысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 6 млн 390 мың теңге қаржы бөлінген.


Ауданның Новостройка ауылындағы «Балауса – Көкпекті 2» және Мойылды ауылындағы «Балауса – Көкпекті 3» балажайлары биыл да демалушыларға өз есігін айқара ашты. Олар балаларды бес мезгіл тамақтандырып, олардың демалысын тиімді өткізуіне жағдай жасайды. Аталған спорттық – сауықтыру орындары бес ауысымда қызмет көрсетіп, әр ауысымда 40 бала жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізді деп айтуға болады. Жаз басталысымен балалар жазғы балажайда тынығып, асыр салып ойнауға асығады. Биыл да біздің «Балауса – Көкпекті 2», «Балауса – Көкпекті 3» өз достарын қуанып қарсы алды. Балажайда бірінші кезекте көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары тартылады. Бұл мемлекет тарапынан балаларға жасалған үлкен қамқорлық. Біздің «Балауса – Көкпекті 2», «Балауса – Көкпекті 3» балажайларында балалар үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс бөлмелері, ойын алаңдары, кең сахна, асхана бар. Әр маусымда балалар 10 күн демалады. Балажайларда демалған балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері әр алуан. Онда спорттық, ұлттық, танымдық ойындар, алғырлық, зерделік, тілдік сайыстар, салт-дәстүрге байланысты байқаулар, ән-күй, би кештері, концерттік бағдарламалар, сурет көрмелері және тағы басқа көптеген шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар балажайларда демалыс уақыттарын жақсы өткізіп, өздеріне жаңа достар тауып, білімдерін толықтырды. Күн сайын тәрбиелік-спорттық шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың уақыттарын қызықты, тиімді өткізуіне мүмкіндік мол, - дейді Динара Садвақасова. Жазғы балажайларда демалып жатқан 3806 баланың ішінде 44 демалушы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқоршылықтағы, патронаттағы бала, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі 112, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларынан шыққан 1506 және көпбалалы отбасынан шыққан 306, сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімі тіркеуіндегі 4 бала, мектепішілік есепте тұрған 9, сәтсіз отбасынан шыққан 12 бала қамтылған. Жалпы саны 1993 бала «Жалпы оқу» қоры есебінен демалған.
Сонымен қатар аудандағы 37 негізгі және орта мектеп жанындағы лагерлер да жұмыс жасады. Онда 3261 оқушы демалды, - дейді әдіскер Динара Қапасқызы.
Ал республика, облыс көлеміндегі «Балдәурен», Семей қаласының спорт лагері, Матросов атындағы балалар лагері, «Үржарайым», «Шығыс жұлдыздары», «Дарын жұлдыздары» балажайларында демалуға 145 бала мүмкіндік алған.
Жыл сайын аудан мектептерінің оқушылары демалып, денелерін шынықтырып, туристік шеберліктерін көтереді.
Мектеп оқушыларының шығармашылық демалысы бойынша білім беру мекемелерінде 32 үйірме жұмыс атқарып, оған 384 бала қатысты. Сонымен қатар, саяхатты жақсы көретін оқушылар үшін туристік лагерь қызметін атқарды. 44 өлкетану маршурттары ұйымдастырылып, оған 1348 бала қамтылды. Балалар ауданының көрікті жерлеріне саяхат жасады. Атап айтсақ, Өскемен қаласындағы этноауыл - осы өңірдегі халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан, кәсібі мен тарихынан жан-жақты мағлұмат беретін бірегей кешен. Ең бастысы, бұл саябаққа қыдырған балалар әуелі этноауылдағы қазақ, орыс, украин, ұйғыр, кәріс, татар, белорус, шешен секілді ондаған ұлттың ескі қонысжайларымен танысып, әртүрлі архитектуралық негізде бой көтерген орындарды тамашалайды. Семейдегі «Абайдың әдеби мемориалдық мұражайына», Жидебай жеріне, Бөрілі ауылындағы «М.Әуезов атындағы мұражайға», Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы «Ер Жәнібек монументіне», Ұлан ауданы Сібе, Ақбауыр көліне, Катонқарағай ауданы «Берел қазбаларына» және «Толағай» тауына саяхат жасады. Жазғы демалыс кезінде демалыспен қоса мектеп жанында еңбекпен қамту лагерлері жұмыс атқарды. Ауданды көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 5-10 сыныптың 2044 оқушы жұмылдырылды.
Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанымен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Ал ауданымыздағы «Балауса – Көкпекті 2» және «Балауса – Көкпекті 3» балажайлары осы жазғы маусымда өз жұмыстарын ойдағыдай атқарды деп айта аламыз.
Бала күлкісіне толы «Балауса – Көкпекті 2» және «Балауса – Көкпекті 3» балажайлары биылғы маусымды да сәтті аяқталды. Балажайдағы әр күні қызықты, мазмұнды болып өткен демалысқа ата-ана да риза, жазғы демалысын өткізген балаларда риза.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз