Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2013 жылдың 31 қаңтарында Көкпекті аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлері арасында оқу-жаттығу семинары өткізілді.
Дәрігер-эпидемиолог Е.Сорокина әлемде, Қазақстан Республикасында, ШҚО және Көкпекті ауданында коронавирустық инфекция аурушаңдығы бойынша эпиде-миологиялық жағдай туралы айтып берді. Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирустық инфекция тіркелген жоқ.
Бас дәрігер А.Рахымбаева Көкпекті ауданының коронавирустық инфекция туындаған жағдайда толық дайындығын атап өтті: жұқпалы аурулар бөлімі толығымен боксталған және жұмысқа дайын, маскалар, респираторлар, қолғаптар, обаға қарсы костюмдер мен комбинезондар, вирусқа және бактерияға қарсы құралдар, сондай-ақ дезинфекцияға арналған құралдар қоры жеткілікті.


Дәрігер-инфекционист М.Тойшыбаева тың-даушыларға коронавирустық инфекцияның клиникалық белгілері, оның диагностикасы, емдеу және алдын алу әдістері туралы айтып берді. Олар: қолды жиі жуу, жөтел этикетін сақтау, қызуы көтерілген және жөтелетін адамдармен тығыз қарым-қатынасты болдырмау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, жануар және теңіз өнімдері тектес шикі және қайнатылмаған азық-түліктерді тағамға қолданбау, жоғары температура, жөтелу және тыныс алу қиынға соққан т.б. жағдайлар кезінде міндетті түрде медициналық көмекке шұғыл жүгіну, дәрігерді үйге шақыру немесе саяхатқа шығатын жандар қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттармен толық танысуы керек.
Сондай-ақ, медицина қызметкерлері корона-вирустық инфекция туындаған жағдайда іс-қимыл тактикасын пысықтады: хабарлау схемасы, пациентті емдеуге жатқызу кезіндегі тактика, обаға қарсы костюмді кию және шешу ережелері, байланыста болғандарды бақылау мерзімдері, ауруханаішілік жұқтырудың таралуына және туындауына жол бермеу шаралары.
Көкпекті аудандық орталық ауруханасының дәрігер-эпидемиологы Е.Сорокина ШҚО Денсау-лық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша ҚХР-дан Көкпекті ауданына келген адамдардың денсаулық жағдайына күнделікті бақылау жүр-гізеді.
Коронавирустық инфекцияға қатысты барлық сұрақтар бойынша Қазақстан азаматтары 1406 нөмірі бойынша немесе кез келген медициналық мекемеге (Көкпекті ауданында 2-02-34 нөмірі бойынша емханаға) хабарласа алады.

Е.Сорокина,
Көкпекті аудандық орталық ауруханасының баспасөз хатшысы,
дәрігер-эпидемиолог

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз