Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бағдарламаның үшінші бағыты екі қолға бір кәсіп іздеген жандарды тұрақты жұмыспен қамту. Бағдарлама қолға алынған уақыт аралығында көптеген адам мемлекеттің көмегін көрді.
Семей қаласындағы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжін 2018 жылы ғана тәмамдаған Азамат Мұратұлы Ноғайбаев.
Азамат өзі Тассай ауылының тумасы, ол «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша орталық аудандық ауруханаға жұмысқа орналасты. Олар еңбек өтілінің жоқ болғанына қарамастан, Көкпекті аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы мұнда тәжірибеден өтуге бірден мүмкіндік алыпты.


– Бұл бағдарламаның пайдасы өте көп. Өйткені, жастар жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіргеннен соң, тәжірибесінің жоқтығынан жұмысқа орналаса алмай қиналады. Мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке тұруда аталған бағдарламаның айтулы көмегі бар екені талас тудырмасы анық.
Жас мамандардың көпшілігі жұмыс тәжірибесі болмаса жақсы компанияға жұмысқа орналасу мүмкін емес екендігін түсініп, "Жастар тәжірибесі" мемлекеттік бағдарламасының көмегі арқылы алдымен осы тәжірибені жинақтауға бел байлайды, - дейді Азамат. Жас мамандарға жол ашатын осындай бағдарламалардың болашағы зор болсын деген ниеттеміз әрі сенімдіміз де.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз