Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Өскемен қаласында «Шуақты шаңырақ-2019» облыстық байқауы өтті. Байқау жастар жылына орай ұйымдастырылы, оған жас отбасылар қатысып бақтарын сынады.
Аталмыш байқауға біздің ауданның намысын қорғаған Самар ауылының тұрғыны Фарид Тұрсыновтың отбасы болды. Байқаудың барлық сынынан сүрінбей өткен Фарид Тұрсыновтың отбасы І орынды қанжығалап қайтты. Оларға қаржылай сыйлық пен марапат табысталды. Фарид отбасында Темірлан мен Томиристің ардақты әкесі, Сәуле атты жарының сүйікті жары. Олар отбасылық сайысқа келген 12 отбасының алдынан оза шауып жүлдеге ие болды.


Отбасындағы келісім мен татулық, сыйластық пен мейірімділік, сүйспеншілік пен қамқорлық міне осы секілді жақсы атаулыларының барлығы Тұрсыновтар шаңырағына ұялаған. Үйдің отағасы Фарид Самар ауылындағы «Дюсупов» ШҚ еңбек етеді. Жас отбасының жеңісімен құттықтай келе оларға толағай табыстар тілейміз!
Әр шаңырақтағы береке түптеп келгенде тұтас елдің берекесі екені рас. Себебі, адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік секілді асыл қасиет осы отбасы арқылы дариды. Ендеше елімізде осындай шуаққы толы шаңырақтар көп болсын.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз