Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тұмау дегеніміз не?
Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.
Қалай жұғады?
Тұмаудың жұқтыру көзі ауру адам және тек сирек жағдайларда ғана шошқалар мен құстар сияқты кейбір жануарлар болып табылады.
Тұмау ауа - тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан айналада ауру жұқтырылған "бұлт" пайда болады. Бұларды жұту – сау адамның ағзасына тұмау вирусының ену жолы.
Тұмаудың белгілері қандай?
Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймыз.Жасырын, инкубациялық кезең – 5 - 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады:
1. Тұмау, мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты аурудың бастапқы белгілері.
2. Әлсіздік, сырқырап ауыру.
3. Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба тән.
4. Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте - бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.
Тұмаудың асқынулары


Тұмау – өздігінен жағымсыз ауру, дегенмен оның иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде дамитын асқынулары өте қауіпті.
1. Бронх қабынуы: ауру басталғаннан кейінгі бір аптаның ішінде жөтел басыла қоймайды, көп мөлшерде іріңді (сары, жасыл, сұр) қақырық бөлінеді.
2. Пневмония – вируспен зақымдалған шырышты қабық арқылы кірген бактериялардың салдарынан туындаған өкпе тінінің қабынуы. Сырқат азапты жөтелмен, науқастың жалпы жағдайының нашарлауымен, температурасының көтерілуімен сипатталады. Кейде пневмонияның өліммен аяқталатын аса ауыр түрі дамуы мүмкін.
3. Менингит және энцефалит – ми мен ми қабығының ауыр қабыну аурулары. Ауру көбінесе балаларға тән – ересектерде мұндай асқынулар өте сирек дамиды. Менингит пен энцефалит өте ауыр өтеді, қарқынды емдеуді қажет етеді және қайғылы аяқталауы да мүмкін.
4. Селкілдек ұстамалар – орталық жүйке жүйесінің зақымдануының белгісі болуы мүмкін.
5. Галлюцинациялы психоздар – ми қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауыр интоксикацияның белгісі болып табылады.
Тұмау індеті кезінде қоршаған ортаға ауру жұқтырмау үшін үйде қалу және дер кезінде емделумен айналысу үшін дәрігерге дереу қаралу қажет.
Тұмауда өзін- өзі емдеуге болмайды. Дәрігердің өзі Сіздің жағдайыңыз бен жасыңызға сәйкес диагноз қойып, қажетті емді белгілеуі қажет. Ауырған кезде емдеуші дәрігердің барлық ұсынымдарын: дәрі- дәрмектерді дер кезінде қабылдап, төсек тәртібін сақтауды қатаң орындау қажет, себебі ауырғанда жүрек- тамыр қызметі, ағзаның иммунды және басқа жүйесіне көп күш түседі. Сұйықты көбірек ішу қажет, оларға: ыстық шай, мүкжидек немесе ит бүлдірген морстары, сілтілік минералды сулар жатады. Тамаққа құрамында С дәрумені бар (мүкжидек, ит бүлдірген, лимон және т.б.) өнімдерді қолданыңыздар, сондай- ақ сарымсақ, жуа қосыңыздар.
Тұмаудың белгілері біліне бастағанда жұмысқа, оқу орындарына барудың қажеті жоқ, науқас баланы балабақша, мектеп, мәдени- көпшілік іс- шараларға жібермеңіздер. Егер Сіз тұмау немесе ЖРВИ- мен ауырған болсаңыз барлық ауырған кезеңде және ауру белгілерін шешкеннен кейін 24 сағат бойы үйде қалыңыз. Барынша басқа отбасы мүшелеріне жақындамауға тырысыңыз. Бұл Сіз басқа адамдарға жұқтырмау және одан әрі вирусты жұқпаны таратпау үшін қажет.
ТҰМАУДЫҢ белгілері біліне бастағанда, тұрғылықты жері бойынша емханаға қаралу қажет.
Егер Сіздің дене қызуыңыз 38- 39° жоғары көтерілсе, үйге учаскелік дәрігерді шақырыңыз. Демікпе, екінші рет құсу, сіңір тарту, естен айырылу пайда болған кезде 103 телефоны бойынша "жедел жәрдем" бригадасын дереу шақырту қаже
Тұмаудың алдын алу
1. Тұмаудың алдын алу пайда болған ауруды емдеуге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Тұмаудың алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн: дұрыс тамақтану, шынығу иммунитетті арттырып, тұмауға қарсы тұрудың оңтайлы амалдары.
2. Мақта - дәке таңғышын тағып жүру вирустың тыныс алу жолдарына түсуіне кедергі тудырады.
3. Ауыз қуысындағы микроорганизмдердің санын азайту үшін сарымсақты күнделікті пайдалану қажет.
4. Мұрынды шаю – әсіресе жұмыстан, мектептен, қоғамдық көліктерден шыққаннан кейін мұрынды жуып-шаю өте маңызды.
5. Індет кезінде адамдар көп шоғырланатын жерлерден аулақ болу.
6. Үйді үнемі ылғалды тазалап отыру қажет.
7.Мұрын қуысына ұдайы оксолин майын жағып отыру керек, әсіресе халық көп жиналатын орындарға барар алдында.


М.Тойшибаева, жұқпалы аурулар дәрігері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз